Қазақстан халқы Ассамблеясы

09 Маусым, 2023

302

ҚХА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ АУРИКА ДЯК БҰҰ БЖКБ ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЖӨНІНДЕГІ АЙМАҚТЫҚ ӨКІЛІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ДУМИТРУ ЛИПКАНУМЕН КЕЗДЕСТІ

2023 жылғы 9 маусымда ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Аурика Дяк БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының (БЖКБ) Орталық Азия жөніндегі аймақтық өкілінің орынбасары Думитру Липканумен кездесті.

Кездесуге БҰҰ БЖКБ Қазақстандағы Ұлттық кеңсесінің басшысы Ирина Билялова, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің өкілдері, ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ қызметкерлері және т. б. қатысты.
Кездесу барысында тараптар этносаралық келісімді, азаматтық бейбітшілікті нығайту, гуманитарлық байланыстарды дамыту жөніндегі шараларды талқылады.

ҚХА Төрағасының орынбасары Аурика Дяк Думитра Липкану мырзаны этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясаты және оны іске асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі рөлі туралы хабардар етті.

«Бүгін Қазақстанда елімізде тұратын барлық этникалық топтардың мәдениетін, тілі мен дәстүрлерін жан-жақты дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Конституция нәсілдік, этникалық және діни қатыстылығына қарамастан әр азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдігіне кепілдік береді», - деп атап өтті А.Дяк.


Өз кезегінде Думитру Липкану этносаралық қатынастар мәселесінің үнемі назар аударуды қажет ететінін, сондай-ақ олардың әлеуметтік, экономикалық және саяси факторлармен өзара әрекеттесудің үздіксіз даму динамикасында жүретінін тілге тиек етті.

«Қазақстанда түрлі этностардың үйлесімді өмір сүруі үшін бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ететін бірлікті сақтау мен нығайтудың бай және бірегей тәжірибесі жинақталған», - деді Д.Липкану.


Кездесу соңында Аурика Дяк БҰҰ Босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының Орталық Азия жөніндегі аймақтық өкілінің орынбасарына мазмұнды әңгімесі үшін алғысын білдіріп, Қазақстан халқы Ассамблеясы одан әрі ынтымақтастық пен пікір алмасуға дайын екенін атап өтті.


Кейін қарай