Қазақстан халқы Ассамблеясы

16 Қазан, 2021

340

ҚХА республикалық лекторийі өтті

15 қазанда Жамбыл облысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге арналған екі күндік республикалық лекторийі аяқталды.

Лекторий жұмысына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Сауытбек Абдрахманов пен Ильяс Буларов, ҚР АҚДМ Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты директорының орынбасары Айгүл Садвокасова және т.б. қатысты.


Іс-шарада Мемлекет басшысының "Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі" Жолдауын Қазақстан халқы Ассамблеясының іске асыруға атсалысуы, сондай-ақ қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделін нығайту мәселелері талқыланды.

Лекторий барысында спикерлер мемлекеттік тілді оқыту халықты біріктірудің басты факторы, Қазақстандағы этносаралық қатынастарды дамытудың қазіргі заманғы үрдістері, жастар қоғамдағы тіл саясатын дамытудың негізгі факторы ретінде тақырыптарында сөз сөйледі. Сонымен қатар мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, оны оқытуда этностарға тиісті жағдай жасау қажеттілігі аталып өтті.

Қатысушылар Қазақстанның барлық этнос өкілдері өздерінің мәдени және азаматтық құқықтарын толыққанды іске асыра алды және бірлік пен қоғамдық келісімді нығайтуға бағытталған тиімді саясаттың нәтижесінде мүмкін болды деген пікірге келді.


Айта кетсек, лекторийдің басты мақсаты барлық қазақстандықтардың ортақ мәдени коды, бірыңғай құндылықтары мен жалпыұлттық тарихи санасы негізінде халық бірлігін нығайту болды.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар Жамбыл облысы әкімдігінің өкілдеріне республикалық лекторийді өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғыстарын білдірді.


Кейін қарай