24 Маусым, 2019
2901
ҚХА Түркістан облысының Арыс қаласынан көшірілгендерге көмек көрсету акциясын бастады
Қазақстан халқы Ассамблеясы Түркістан облысының Арыс қаласынан көшірілгендерге көмек көрсету акциясын бастады.
Шымкент қаласында Түркістан облысының Достық үйі базасында зардап шеккендер үшін көмек жинау орталығы ашылады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының үйлестіру штабы құрылды, оның үйлестірушісі Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Мұратали Оразалыұлы Қалмұратов, бірлесе үйлестіруші Түркістан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ғани Құрмашұлы РЫСБЕКОВ болды.
Акцияға «Дустлик» Қазақстан Республикасының өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы", "Әзербайджандықтар қауымдастығы», «Ахыска» түрік этномәдени орталығы», «Қазақстан кәрістері қауымдастығы» және басқа да республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер қосылды.
Адамдарды эвакуациялау үшін көлікпен қамтамасыз етуге көмек көрсетілуде.
Қазіргі кезде қажетті гуманитарлық көмек құрамына: азық-түлік, су, шырындар, балалар тағамы, ең алдымен қажет болатын заттар кіреді.
Барлық қазақстандықтарды, жастарды, еріктілерді техногендік авариядан зардап шеккен адамдарға көмек көрсетуге шақырамыз.
Біздің отандастарымыз сіз бен біздің қолдауымызға мұқтаж!
Гуманитарлық көмекті қабылдау орталығының мекен-жайы: Түркістан облысының Достық үйі, Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, № 9/3 үй.
Жұмыс істейтін уақыты: 24-25 маусымда тәулік бойы, 26 маусымнан бастап сағ.9.00-ден 19.00-ге дейін.
Қосымша ақпаратты мына телефон арқылы алуға болады: + 7 (7252) 21-35-40.
Ұқсас жаңалықтар
-
«БАРБАНГ» КҮРДТЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ АТБАСАР ҚАЛАСЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
АСТАНАДАН ТӘЖІКТЕРДІҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЭТНОМӘДЕНИ БИЗНЕСМЕНДЕРІ 25 МЛН.ТЕҢГЕГЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
-
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
-
«Жүректен жүрекке» акциясы аясында ҚХА Республикалық және өңірлік штабтарының онлайн отырысы өтті
-
Ерлан Қарин: Қазақстан халқының Ассамблеясы тарапынан айтарлықтай көмек көрсетіліп отыр
9 Сәуір, 00:27
Қазақстан халқы Ассамблеясы гуманитарлық көмек қабылдау және еріктілерінің жұмысын үйлестіру орталықтары
10 Сәуір, 16:59
Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ораза айт мерекесімен құттықтауы
10 Сәуір, 16:57
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
13 Сәуір, 13:05
ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР -ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ
вчера, 23:06