Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Мамыр, 2023

299

ҚХА XXXII СЕССИЯСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ АССАМБЛЕЯНЫҢ «КӨЗҚАРАС» АЛАҢЫНДА ТАЛҚЫЛАНДЫ

4 мамырда Қазақстан халқы Ассамблеясы XXXII сессиясының қорытындысы бойынша «Көзқарас» талқылау алаңы өтті.

Іс-шараға ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесі мен Кафедралар қауымдастығының өкілдері мен Ассамблея мүшелері қатысты.

Дархан Қыдырәлі өзінің алғы сөзінде «этносаралық қатынастар саласын нығайту және одан әрі дамыту бойынша ғылыми-сарапшылық қоғамдастық пен мемлекеттік органдардың тиімді өзара іс-қимылы үшін «Көзқарас» алаңы пайдалы платформа бола алатынын» атап өтті.

Ал Марат Әзілханов өз сөзінде 26-27 сәуірде Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXII сессиясы аясында Мемлекет басшысы қойған міндеттерді іске асыру үшін ғылыми-әдіснамалық негізді дайындауда ғалымдар мен сарапшылардың рөлі айрықша екендігін еске салды.

Алаң спикерлері өз сөздерінде азаматтардың қоғамдық-саяси процестерге қатысу дәрежесін арттыру және жастардың бастамаларын кешенді қолдау негізінде жалпыұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселелерін қозғады.

Пікірталас барысында қоғамдық келісімді нығайту үшін мемлекеттік тіл мәртебесін арттырудың әдіс-тәсілдері қызу талқыланды. Сондай-ақ, этникалық БАҚ-тарды дамыту, контент үйлестіру және бірлік пен өзара келісімге негізделген құндылықтарды жан-жақты ілгерілету сияқты маңызды тақырыптар көтерілді.

Іс-шара соңында спикерлер алға қойылған міндеттерді сапалы іске асыру мақсатында пікір алмасып, алдағы бірлескен жұмыстың негізгі векторларын анықтады.

Кейін қарай