Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Қараша, 2020

446

ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген онлайн отырысы өтпек

2020 жылғы 27 қарашада сағат 11.00-де Нұр-Сұлтан қ. Достық үйінде (Б.Момышұлы даңғылы, 24/9) онлайн форматта ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «ҚР Тұңғыш Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың бірлік пен келісімді нығайту жөніндегі саясаты» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы Ғылыми-сарапшылық кеңесінің кеңейтілген отырысы өтеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Ж.Қ.Түймебаев, ҚР Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасары В.К.Божко, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі М.А.Әзілханов, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Т.Б.Қалиев, ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры З.К.Шаукенова, Қазақстан халқы Ассамблеяның Ғылыми-сарапшылық кеңесінің төрайымы А.К.Сәдуақасова, қазақстандық сарапшылар мен ғалымдар, ҚХА Ғылыми-сарапшылық кеңесінің және ҚХА мүшелері, мемлекеттік органдар мен этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысады.

Отырыс барысында қатысушылар: «ҚХА қалыптасуындағы ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың рөлі», «Қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру», «Мемлекеттік және тіл саясатын дамытудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі» және т.б. тақырыптарды талқыға салады.

Іс-шара соңында «Қазақстан халқы Ассамблеясы: бірлік пен келісімнің 25 жылы» кітабының тұсаукесері өтеді.

Кейін қарай