09 Сәуір, 2025
88
ҚХА Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды
2025 жылғы 8 сәуір күні Қазақстан халқы Ассамблеясы Жас ғалымдар клубының «Қазақша мазмұн» атты жобасы іске қосылды. Бұл жоба әлемдік ғалымдардың еңбектерінің түйіндемесін әзірлеп дискурс алаңдарында талқылауға арналған. Шарада бірінші болып британдық ғалым Энтони Смиттің «Ұлттың этностық тамыры» атты еңбегінің қазақ тіліндегі саммариі талқыланды.
Шара барысында ұлттың тарихи қалыптасуы, этностық бірегейлік, ұлттың символдары мен тарихи жады сынды мәселелер кеңінен талқыланды.
Аталған еңбек қазақ тіліне «100 жаңа оқулық» жобасы шеңберінде аударылған еңбектердің бірі ретінде үлкен маңызға ие.
Шараның модераторы ретінде Жас ғалымдар клубының тең төрағасы Эльмира Отар сөз сөйледі. Спикерлер Смиттің теорияларын қазақстандық қоғамның этносаралық қатынастары, ұлттық бірегейлік пен интеграция үдерістеріне қатысты зерделеп, пікір алмасты. Қатысушылар кітаптың ғылыми, әрі практикалық маңызына тоқталып, болашақ зерттеулерге негіз болатыны анық.
Шара офлайн форматпен қатар, Microsoft Teams платформасында онлайн түрде де ұйымдастырылып, еліміздің түкпір-түкпірінен қызығушылық танытқан ғалымдар мен студенттер қатысуға мүмкіндік алды.
Ұқсас жаңалықтар
-
ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТІ ҚХА ДОСТЫҚ ЕЛШІСІ АКБАР АСАДУЛЛОНЫ МАРАПАТТАДЫ
-
«Ассамблея жастары: Жаңа толқын, жасампаз буын»тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясы III Республикалық жастар сессиясы өтті
-
Ақмолада ҚХА кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
-
ҚХА шығармашылық ұжымдарының республикалық фестивалі өтті
-
Өзбекстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінде Өзбек ұлттық киімі күніне орайластырылған салтанатты іс-шара өтті