Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Ақпан, 2019

1738

ҚХА ЖАСТАР ҚОЗҒАЛЫСЫ МЕН «ЖАС ОТАН» ЖАСТАР ҚАНАТЫ БІРЛЕСКЕН ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫН ӘЗІРЛЕЙДІ

Астана қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының қалалық штабы мен «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі Астана қалалық филиалы арасында әріптестік туралы Меморандумға қол қойды.

«Біздің мақсатымыз – жастарды біріктіру. Жастар жылында біздің әріптестігіміздің арқасында тың идеяларға күш бітіріп, оларды бірліктің арқасында жүзеге асырамыз», – деді «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Астана қалалық филалының төрағасы Мархат Қасымов.

Астаналық жастар еліміздің жастар саясатын жүйелі іске асырып, барлық этнос өкілдерін бір тудың астында басын қосып отырған белсенділер. Бұл туралы Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы қалалық штабының төрайымы Наталья Карагеур: «Қос ұйым да маңызды, пайдалы жұмыстар атқарып отыр. Сондықтан біздің әріптестігіміз қазақстандық жастарды жаңа деңгейге көтереді деген сенімдемін. Оған әр жас өз үлесін қосатыны сөзсіз», – деп атап өтті.

Астана қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова өз кезегінде Достық үйінің алаңы барлық жастар үшін ашық екенін айтып, алдағы уақытта коворкинг, «Парасат» қайырымдылық, қолөнершілер, мемлекеттік тілді үйрету және баспасөз орталықтары құрылатынын жеткізді. Олар жастардың идеялары мен жобаларын алаңсыз іске асыратын орынға айналатын болады.

Жиын соңында «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының жастар қанатының жетекшісі Аслан Хутиев әріптестікте қайырымдылық іс-шараларына көп көңіл бөлу керек деген ниетін білдіріп, өз тараптарынан атсалысатындарын жеткізді. Сонымен қатар, «Таң» татар-башқұрт этномәдени орталығының жастар қанатының жетекшісі Равиль Валеев бұл әріптестіктің жастар үшін тек тиімді болатынын тілге тиек етті.

Алдағы күндері жұмыс тобы құрылып, қос тараптың әріптестігін нығайту үшін маңызды іс-шаралардың жылдық жоспары әзірленетін болады.

Нұргүл ШАТЕКОВА

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайына хабарласыңыз.

Дата события ассамблеи: 14.02.2019

Кейін қарай