Қазақстан халқы Ассамблеясы

30 Маусым, 2019

5060

Халықтар достығы музейіне - 12 жыл

Қазақстан бірлігі мен ынтымағы жарасқан көпұлтты мемлекет, күллі әлемге тек қана өзінің байлығы ғана емес, ең алдымен конфессияаралық келісім мен төзімділіктің, достық пен ынтымақтың ордасы, бірліктің алтын бесігі ретінде танылды. Ұлтаралық татулық – бағалы құндылық. 

2.jpg

Түркістан облысында жүзден астам ұлттар тату-тәтті өмір сүреді. Бұл түрлі себептермен Қазақстан аумағына қоныс аударған көптеген ұлттар үшін қазақ жерінің туған үйіндей болып кеткендігін көрсетеді. Елбасымыз бірлік пен ынтымақ бар жерде берекенің де бар екенін нықтап айтуда.

3.jpg

2007 жылы 14 мамырда Шымкент қалалық балалар мен жасөспірімдер орталығында (бүгінгі Оқушылар сарайы) Түркістан облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының қолдауымен ашылған «Достық» музейі интернационалдық тәрбие, толеранттық қатынас, Қазақстан халқының мәдениетін құрметтеу бағытында тәрбие жұмысын жүргізеді. Музейде Оңтүстік өңірінде тұратын ұлттар мен ұлыстардың мәдениеті, салт-дәстүрі жайлы мәлімет беретін ұлттық киімдер, саз аспаптары, ыдыс-аяқ, қолөнер бұйымдары, т.б. материалдар жинақталған.

4.jpg

«Достық» музейі Түркістан облысы халқының Ассамблеясы хатшылығы, облыстық ұлттық-мәдени орталықтары, қала мектептері және жоғарғы оқу орындарымен тығыз байланыста жұмыс жүргізеді. Музейде Қазақстан халқының қолөнер шығармашылығы, салт-дәстүрі, археология және тарихи ескерткіштерді зерттейтін үйірмелер белсенді жұмыс жүргізеді.

IMG_5270.JPG

«Достық» музейі Украина, Германия, Корея елдеріндегі Қазақстан жылына орай апталық ұйымдастырады. Әр халық ертегілері желісі бойынша сурет көрмесі, «Әр халықтың атақты композиторлары» тақырыбында классикалық шығармалар тыңдалып, балалармен осы халықтың ұлттық ойындары ойналады. Фойеде осы елдер жайлы деректі фильмдер көрсетіліп, ұлттық-мәдени орталықтар және Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп осы халықтардың ақын-жазушыларының кітап көрмесі назарға ұсынылып, қорытындысында түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, ұсынылады.

IMG_5272.JPG

«Достық» музейі мемлекеттің халықтар достығын нығайту және елдің тұрақтылығын сақтау саясатын жүйелі жүзеге асыруда. Тақырыптық және жалпы шолу экскурсияларына мекеме үйірмешілері, қаланың мектеп оқушылары, ЖОО студенттері, 6506 ә/б сарбаздары, облыс тәлімгерлері және музей меңгерушілері жыл бойы қатыcып отырады. 

IMG_5377.JPG

«Достық» музейі қазіргі таңда қаладағы 16 ұлттық-мәдени бірлестіктермен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейді.

2014-2018 жылдар аралығында Достық мұражайында өткізілген экскурсиялар саны 800-ден асып, 12-мыңнан астам адам музей экспонаттарын тамашалаған. 

IMG_5284.JPG

Оқушылар сарайы қонақтарына (халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі) музей бойынша арнайы экскурсиялар өткізіліп тұрады. Қадірлі қонақтардан музей шешен-ингуш республикасының ЭКС министрі Р.Аушев, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, Германия елінің өкілі, Еуропа қауіпсіздігі және ынтымақтастығы ұйымының аз ұлттар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары – елшісін, Мәскеу парадының қатысушысы ҰОС ардагерлері және Латыш ұлттық телеарнасының өкілдерін, «Caspionet» телеарнасын және «Хабар» агенттігін қабылдады.

IMG_5288.JPG

Халықтар достығы музейінің жұмысы жайлы материал республикалық қосымша білім беру саласының «Алтын қоры» кітабына енгізіліп, «Қосымша білім және тәрбие» журналы, жергілікті «Жас ғалым» журналы, жарнамалық «Аверст» журналы және газеттерде бірқатар мақалалар жарық көрді. Республикалық және жергілікті «Қазақстан-Шымкент» телеарналар арнайы бағдарламалар түсірді.

IMG_5306.JPG

«Достық» музейінің қызметкерлері Есімханова Айткүл Жинақбайқызы және Сапарбаева Балиха Қорғанбайқызы көп жылдан бері қосымша білім беру саласында жемісті жұмыс атқарып келе жатқан жоғары санатты педагогтар. Облыс, қала әкімшілігінің, білім басқармасы мен білім бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталған.

IMG_5316.JPG

«Қазақстан халқының саз аспаптары» тақырыбында лекторий ұйымдастырылып, барлық мәдени орталықтардың саз аспаптары жайлы іс-шара ұйымдастырылды. Бұл сабаққа «Ынтымақ», славян мәдени орталығының басшылары қатысты.

IMG_5364.JPG

Музей қорына мәдени орталықтардың экспонаттары: күрді, украин, шешен-ингуш, азербайжан және әлем халықтарының әліппелер коллекциясы жинақталған.

IMG_5394.JPG

Жаңа жыл қарсаңында үйірмешілерге арнап «Жаңа жылды қай елде қалай қарсы алады?» тақырыбында кітапша дайындалды.

IMG_5318.JPG

Оқушылар сарайында Халықтар достығы музейінің 10 жылдығына орай «Заманауи социумды тәрбиелеуде музейлердің ықпалы» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырылды. Конференцияны облыс әкімі аппарат басшысының орынбасары, облыстық Ассамблея хатшылығының меңгерушісі М.Қалмұратов ашып, сөз сөйледі. 

IMG_5397.JPG

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік  университеті, «Жалпы тарих музей ісі» кафедрасының меңгерушісі Г.Отарбаева «Оңтүстік Қазақстан облысындағы музейлер: қәзіргі жағдайы мен өзекті  мәселелері» тақырыбында баяндама, «Халықтар достығы» музейінің «Музей белсенділері» үйірмесінің жетекшісі А.Есимханова «Достық  музейі - бірлік пен ынтымақтың негізі» атты баяндама, ОҚО тарихи-өлкетану музейінің ғылыми қызметкері М.Кенжекулова «Музей - рухани білім ордасы»  тақырыбында баяндама, А.Дәрменбай «Тұрар мұражайы - мектеп мақтанышы» атты баяндама, «Қылует» этномузейінің директоры К.Қарабдалов «Бірінші Қазақстандық этнографиялық туристік орталық  этномузей қылует тарихы» тақырыбында баяндама жасап, конференция тақырыбын өз жұмысы барысында қалай жүзеге асырып отырғаны жайлы сөз қозғап, ойларын ортаға салды. 

IMG_5334.JPG

Мұражай белсенділері - түрлі ұлт өкілдері балаларынан құрылған үгіттобы өнер көрсетіп, Оқушылар сарайы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы тамашаланды. Конференция жұмысы қорытындыланып, іс-шара материалдары бойынша кітапша да басылып шығарылды. 

IMG_5349.JPG

Тарих таспасы түрлі себептермен Қазақстанның аумағына қоныс аударған көптеген халық өкілдері үшін қазақ жерінің туған үйіндей болып кеткендігін көрсетеді.

Ұлттық мәдени орталықтар қоғамдық-саяси құрылымдағы өзінің біріктіруші орнын лайықты алып отыр. Олардың қызметі 108 ұлт пен ұлыстарды құрайтын облыстың тұрғындарын қамтиды.

Шешен халқының арғы атасы Нохчуо, аңыз бойынша, дүниеге келгенде бір қолына темір - батырлықтың белгісі, бір қолына ірімшік- қонақжайлылық белгісін ұстап туылыпты.

10.jpg

Ар-намыс, жомарттық, адалдық, ықылас пен қонақжайлылық - Кавказ ерлерінің негізгі қасиеті.

Шешен-ингуш халықтары әйелге отбасын қорғаушы ретінде үлкен мән берген. Осы қасиетімен қатар олар басқа да ерекше құқықтарға ие болған.

Ерлер арасындағы қанды кек алуды әйелден басқа ешкім де тоқтата алмаған. Шешен-ингуш отбасындағы бұлжымас ереже - аға буынды, әсіресе ата-ананы қадірлеу, қамқорлық жасау.

Иран табиғаты әсем,  ежелгі бай мәдениетті, еңбекқор халқы бар, әлемдегі ең бір елеулі ел болып саналады.

Бұл мемлекет әлемдік мәдениетке Фирдоуси, Саади, Мавлона және басқа да көптеген ұлы ғұламаларды сыйлаған.

Бүгінгі таңда облыста 6500-дей ирандықтар тұрады. Олардың негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы мен жеке кәсіпкерлік.

11.jpg

Шымкент қаласындағы тарихи-өлкетану мұражайында 2006 жылы қарашада Қазақстан Республикасындағы Иран Ислам Республикасының елшілігі мен Иран мәдени орталығы бірлесіп, иран суретшілері мен шебер-кәсіпшілерінің металл, шыны, тері және ағаштан жасаған бұйымдарының көрмесін ұйымдастырды.

Каламзани деп алтын, күміс, мыс және латунға бедер салуды атайды.

Дастбофи - бұл кесте немесе аппликация.

Парсы мұрасы тек материалдық ғана емес. Рудаки, Омар Хайям, Хафиз - әлемдік әдебиет қазынасын толықтырған ақындар.

Кәріс мәдениетін әзіл-сықақ және сатира мәдениеті ретінде тануға болады. Мұнда бетперде киген би қойылымы ерекше жанр болып саналады. Тхальчхум жанры бұқаралық бетперде театры ретінде дамып, негізінен халықтың ой-сезімін білдірді.

«Ханбок» - аудармада кәріс киімі деген мағынаны білдіреді.

Киімнің кең пішімі дәстүрлі кәріс үйіндегі жерде отыруға ыңғайлы етіп тігілген.

Ханбок киімі адамға ерекше мәртебе мен сымбат береді.

1443 жылы Сечжок король хангыль жазу жүйесін енгізді. Бүгінгі таңда хангыль кәрістердің мақтанышы болып танылып, әлемдік мәдениетте кең қолдау тапқан асыл мұрасы.

Курдтар

Тамырын тарих тұңғиығынан алатын курдтар ежелгі заманнан бері басын мәңгілік қар басқан шыңырау биік Альпы таулары мен қыраттарынан бастау алып, шөбі шүйгін иен далаға ұласып жатқан Тигр және Евфрат өзендері бойында өмір сүреді.

Ежелгі курдтардың баспанасы ешкі жүнінен тоқылған жабулы шатыр (кон, чадыр, рэшмат) болған. Жүнді «щә» құралымен түткен.

Ешқандай мереке «тамбур» сазды аспабынсыз өтпейді. Ал классикалық түрде жасалған «чарик» (Garix) таулы аймақта бүгінгі күні де өз иелеріне қызмет етіп келеді.

Еврей тайпалары ежелгі Палестина жерінде б.э.д. ХІІІ ғасырда пайда болған.Атақты Қасиетті Тора еврейлерді басқа халықтан өзгеше етіп тұрады. Ал еврей халқының әр салты ғажап әрі қайталанбас.

12.jpg

«Песах» - Қасиетті Торада Тәңіріден уағыздалған ең басты мерекелердің бірі, ол еврейлердің құлдықтан құтылуына орай және Израиль мен Құдайдың бірігу мерекесі.

«Кеараны» мерекелік дастарханға Седерді жүргізушінің жанына қояды. Легенге Песах мерекесінің 6 бейнесін орналастырады.

«Пурим» -  бұл еврей бірлігі мен достығын тойлайтын уақыт. Пурим күні қажетсінген кемі 2 адамға көмек беру керек.

«Ханука» - бұл түнекке қарсы тұрған жарықтың тарихы. Барлығымыз да өзіміздегі жасырын немесе сыртқы қатал әлемнің қараңғы түнегімен күресеміз. Ханука: «Түнекпен күреспе, одан да  шырақ жақ, сонда түнек сейіледі» дейді. Сондықтан жарық азайып, күн қысқара бастағанда еврей отбасы кішкентай бір шырақ жағады. Келесі күні – 2 шырақ, осылай 8 шырақ болғанша қосыла береді. Сегіз саны керемет күшке ие деп саналады. Ханука жақсылық жасауға үйретеді.

Ұйғырлар Орталық Азиядағы ежелгі түркі тілдес халықтардың бірі.

Оларды арғы атасы - Шығыс Түркістан көшпенділері – ғұндардың рулық одағында елеулі рөл атқарды. Ұйғырлар жоғарғы өркениет пен мәдениет деңгейіне көтерілген. Олар астрология, тау-кен ісі, тоқыма өнеркәсібі, архитектура, математика, ауыл шаруашылығы, жазу, медицина және тағы басқа да ғылымдарды игерген.

Оңтүстік Қазақстан ұйғырлары жерлесіміз - Қытай Халық Республикасының атақты арқанда жүрушісі, екі дүркін әлем чемпионы, бес дүркін Гиннес рекордтар кітабына енген, ұлты ұйғыр Адыл Ошурды мақтан етеді. Ол 420 метр биіктіктегі арқаннан түспей 25 тәулік бойы 9 км үздіксіз жүріп өткен.

Тәжік

Дәстүрлі көзеші (қышшы, құмырашы) кәсібі, ағаштан жасалған ойма, алаңдағы қуыршақ қойылымы - бүгінгі тәжік халқы өмірінің ажырамас бөлігін құрайды.

13.jpg

Дәстүрлі киімдер өз бастауын біздің эрамызға дейінгі 2-ші мыңжылдықтан алады: жеңі шынтақтан төмен қарай тарыла түскен туника пішіндес көйлек, адамдарға жүруге ыңғайлы пішілген шалбар.

Киім алтын жіппен кестеленіп, сәндік моншақ, әрленген асыл тастармен безендірілген.

Тоқымашылықтың дамуы жайлы алғашқы мәліметтер біздің эрамызға дейінгі ІІ-ІІІ-ші ғасырға жатады. Тоқымашылықпен тек еркектер айналысқан.

ХХ ғасырдың басында Гиссар жазығында абро жібегін дайындау дәстүрі кеңінен тарайды. Матада бадамгүл, шырмауық, дөңгелек, төртбұрыш, сынық жолақ т.б. суреттер бейнеленген.

Поляктар

Біздің эрамызға дейінгі 1-ші мыңжылдықта бүгінгі Польшаның аумағында славяндардың тегі саналған лужиттік мәдениеті бар тайпалар қоныстанған.

Х-ғасырдың аяғында поляк этносының қалыптасуы аяқталып, поляктар этнонимі пайда болады. Поляктардың ұлт мінезінің ерекшелігінің бірі -  олардың басқа халықтармен байланысқа икемділігі, «әлемге әуестігі», сонымен қатар өз тарихы және мәдени дәстүрлерін терең құрметтеуі. Поляктар, алғашқылардың бірі болып, Қазақстан жерінің қайталанбас әсемдігін байқап, оның мәдениетіне қызығушылық танытқан.

Поляк Александр Затаевич 1935-1936 ж.ж. дала ақындарының әндерін жинап, қазақ фольклорының асыл мұраларын жоғалып кетуден сақтап қалған.

Фольклоры бай, ежелден еркіндікте өмір сүрген Краков облысының тұрғындары ешқашан жалшылықта болмаған. Қайталанбас  киім сәні мен көркемдік кәсіп дәстүрі көптеген ауылдарда сақталған. Бұл ағаштан жасалған ойма, қолдан тоқылған маталар, «выцинанки» - түрлі-түсті қағаз қималары.

Өзбектердің арғы тегі соғдалықтар, хорезмдіктер, бактрийліктер, ферғаналықтар мен сақ-массагеттік тайпалар болып саналады.

Өзбектер жылусүйгіш халық, олар күнді, ауаны, гүлденген бақты жақсы көреді. Өзбек ерлері негізінен қара түстес киім киеді. Ал ақсақалдары ұзын сырып тігілген халаттың белінен ашық түсті белбеу байлайды. Барлығы дерлік қара түсті ақ жіппен кестеленген төрт қырлы тақия киеді.

Өзбек әйелдері құбылмалы матадан тігілген киімді жақсы көреді. Бұл негізінен атластан тігілген тізеден келетін көйлек пен кең балақты дамбал.

«Ынтымақ» ұлтаралық мәдени орталығы қоғамдық бірлестігі кез келген ұлттың бейнесі болып табылады. Оның Жарғысына сәйкес үйлестіруші кеңес халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді жүзеге асырып, таратады. Әр этникалық топтың тілі мен мәдениетін сақтап, дамытады, басқа халықтардың мәдениетін, тарихын және тілін дәріптеуге тәрбиелейді.

14.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениеті өткен кезеңнің мәдени құндылықтарын бойына сіңірген.

Оңтүстік Қазақстан халқы ұлттық салт-дәстүрге бай және көркемдік кәсіп саласында жоғары деңгейге көтерілген.

Ерте замандағы шаруашылықтың негізі - көшпенділік пен жартылай көшпенділік өмірге байланысты - тұрмысқа қажетті кәсіби бұйымның барлығы дерлік мал шаруашылығы шикізатын өңдеуге, онымен тұрғындардың шаруашылық және тұрмыстағы қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған.

Түрлі пішімді және әр түрлі қолданысқа арналған тері ыдыстарының түрі өте көп.

Теріден жасалған торсықтардың пішімі шеңбер тәріздес, мойыны тар етіп жасалып, зооморф стилінде безендірілген. Теріні өрнектеуді қобдиша немесе үй жиһазын безендіру кезінде қолданған.

Қазақта көшіп-қонуға ыңғайлы, жеңіл, сынбайтын ағаш ыдыс-аяқтар кеңінен қолданыста болған. Ожау, шөміш, саптыаяқ - дәстүрлі сусын қымыз құюға арналған.

Ағаш түрлерінен сазды аспаптар жасалған. Халықтың сүйіктісі - домбыра... Оған қарап, есіңе боранды күні баласын жоғалтқан хан жайлы ескі аңыз оралады. «Жаманат хабар әкелгеннің көмейіне қорғасын құямын» дейді хан. Сонда шебер ханға қайғылы хабарды жеткізетін аспап жасап шығарады. Қайғыға оранған әке аспапқа балқытылған қорғасын құюға әмір береді. Мұнан кейін аспап одан да қайғылы ойнайды. Ақсақалдар  «Домбыра осылай пайда болған» дейді.

Қазақтаң зергер өнері - ұлттық мәдениет тарихында ерекше орын алады. Қазақ зергерлері жеке жұмыс істеп, өз шеберлігін ұрпағына мұра етіп қалдырған. Әйелге арналған зергер әшекейлері негізінен күмістен жасалған. Сырға – күнделікті тағып жүретін әшекей бұйымы. Ою-өрнек салынған түрлі пішімді, жалпақ сырғалар кең тараған. Білезікті біреуден немесе жұптап екі қолға тағады. Жүзікті үш-төртеуден күнделікті тағып жүреді.

Камзолдың ілгіші - екі бөліктен тұрады: олар дөңгелек пен  ілгішті ілу әдісі арқылы бірігеді.

А.Йассауи атындағы ХҚТУ-дың «Өнер» факультетінің оқытушылары ерте замандағы жасөспірім қыздың киімін жаңғырта білді. Түстік үйлесім мен пішімі сол кезеңге тән жасалды.

«Қазақстан мәдениетін дамыту қазақстандық қоғамдағы консолидация идеясына қызмет етуі қажет» - деп санайды Н.Ә. Назарбаев.

Татар-башқұрт

ХVІ ғасырдың ортасында башқұрт халқының қалыптасуы аяқталды. ХVІІ-ХХғ.ғ. башқұрттар қазан татарлары мен мишарейлердің ауқымды тобын өздеріне қосып алды.

15.jpg

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан облысында 20 мыңнан астам татар-башқұрт өкілдері тұрады.

Жыл сайын ұйымдастырылатын «Сабантой» ұлттық мерекесінде татар тағамдары: чәк-чәк, перемяш, қыстыбай, бәліш тағамдарының түрлері мен қайталанбас дәмін татуға болады.

Ұлт ақыны Ғабдолла Тоқай өлеңдері халық әніне айналып, ал жеке ой орамдары мақал-мәтелге, қанатты сөзге айналған.

Ол халықты мынадай сөздермен дәріптейді: «Шындығында, халық ұлы, ол - күшті, ол - рухты, ол - сазды, ол - әдебиетші, ол - ақын».

Славян

ІХ ғасырда Шығыс Еуропада Ежелгі Орыс мемлекеті - Киев Русі қалыптасты. Сүлгілер, матрешкалар, самаурын – бұл халық шеберлігі төлтумаларының бір ғана бөлігі. Атаулы христиан мерекелері «Христостың туылуы», «Жаңа жыл», «Пасха», «Троица»...

Түріктер

Облыста 70 мыңға жуық түрік ұлтының өкілдері тұрады. Көптеген салт-дәстүрлері ежелгі заманда қалыптасқан. Түрік халқы тәрбие әдебінің басты ұстанымы - туысты жасы үлкен басқарып, үлкенді сыйлау, құрметтеу болып табылады. Түрік әйелінің бас киімі қорғаныш әрі тазалық ролін атқарады.

16.jpg

Қарақалпақ халқының арғы тегіне сақ-массагеттік тайпалар (б.э.д VII-IIғ.ғ.) ғұндар, түріктер жатады.

Қарақалпақ этнос ретінде ХV-ХVІ ғасырда Шығыс Арал маңында қалыптасып, бірақ ХІХ ғасырда негізгі бөлігі Хиуа хандарының әмірімен Әмудария атырабына қоныс аударды.

Оңтүстік Қазақстан аумағында 1000-нан астам қарақалпақ отбасы тұрады. Шеберлердің ұлттық киімге кестеленген қайталанбас әрі бірегей оюлары көз қуантады. Халық шеберлері қысқа мерзімде ғажайып кілем тоқып, оюлармен безендіріп бере алады.

Гректер

17.jpg

Ежелгі гректер Еуропа мен Азия мәдениетінің дамуына елеулі үлес қосқан мәдениетті қалыптастырған. Эгей теңізіндегі кішкентай аралдардың тұрғыны - грек-киприоттар мәдениеті, түрік мәдениетінің ықпалына түспей, өзіндік келбетін сақтаған. Көптеген салттар діни рәсімдер мен мерекелерге байланысты: «Ти панаиас», «Пасха», «Рождество» және  тағы басқалар. Экспозицияда Саввулиди отбасының фотоқұжаттары қойылған (атап өту).

Әзербайжандар өзін әзербайжанлылар, азелилер деп атайды. Әзербайжандар өз тегін ежелгі тайпалар Атропатендер (Кіші Мидия) мен Кавказдық Албаниядан алады.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам әзербайжан тұрады.

Шығыс халықтары сияқты әзербайжандықтар да қонақжайлылық салтына табынады. Атақты Зәкір ақын өз өлеңінде:

Өзіңе үнемді болсаң да,

Қонаққа барыңды ұсын:

Қонарға бай бөлме мен

Тоя жейтін палау болсын -деп жазды.

Бакуде арнайы қонақ күтетін  қызметкер – мехмандар бар. Қонақ бар жаңалықтың хабаршысы саналып, оған арнайы жеке бөлме немесе орын-жай – бала-хана даярланады.

Қырғыздар

Қырғыздың ерте кездегі этникалық тарихы ғұндар, сақтар және үйсіндердің тайпалық одағымен байланысты.

Негізінен қырғыз халқы ХVІ ғасырдың басында Тянь-Шанда қалыптасқан.   

18.jpg

Қырғыздар бос уақытында халық ойындары мен сауығына аса ден қойып, онсыз бірде-бір халықтық серуен өтпеген.

Көшпенді өмірдегі көп ойындар өжеттілік, күш-қуат пен ептілікті талап етеді. Дала халықтарының ең сүйікті ойын-сауығы салт аттылар жарысы:

Ат-чабыш  – алыс қашықтыққа шабу.

Жорго-салыш – жорға жарысы және т.б.

Неміс

19.jpg

Неміс ұлтының қалыптасуы Пруссияның ықпалымен Германияның бірігуі барысында 1871 жылы аяқталды. Біздің облыс аумағында 5 мыңға жуық неміс ұлтының өкілдері тұрады. Неміс мәдени орталығында Христостың туылуы, Шоқындыру – жарық мерекесі, Масленница – құнарлылық, денсаулық, ырыс-құт мерекелері тойланады. Пасханың символы - пасхалық қоян балаларға боялған жұмыртқа әкеледі деп саналады.

Грузин

Грузиндер өзін картвелиби, ал өз Отанын – Сакартвело деп атайды. Бұл екі атау да грузиндердің арғы атасы саналатын мифологиялық батыр Картлостың есімімен байланысты. Грузиндердің мерекелік тұрмысы сәнді салттар мен көңілді думанға толы. Ақпан- наурыз айында көңілді Ксеноба-берикаоба мерекесі, күзде - Мцхетоба, Алавердоба мерекесі өтеді. Грузин әйелдерінің сұлулығы жырға арқау болса, грузин шарабы бүкіл әлемге танымал

Армян

Біздің эрамызға дейінгі 522-486 жылдары билік еткен парсы патшасы Дарий І қыш жазбаларында Армения елі мен «армины» халқы жайлы атап өткен. Арменияның сәндік-қолданбалы өнері бүкіл әлемге танымал. Күнделікті қолданыстағы бұйымдар: қару, шырағдан, кітаптар, асүй әбзелдері армян шеберлері қолынан нағыз өнер туындысына айналады.

Кілем тоқу армяндар игерген ежелгі кәсіптің қатарына жатады. Кілемді еденге төсеп, сандық, орындық, төсекке жабуға пайдаланған. Армян кілемдері өте жоғары бағаланған. Гарун аль Рашид халифтың сүйікті әйелі армян кілемінде отырған. Армян халқы «Вартавар», «Трендез», жүзімді жинау алдында ақтау тағы басқа  сол сияқты ежелгі мерекелер мен салттарды осы күнге дейін сақтап.


Әсем Жұмабекова

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және Қазақстан халқы Ассамблеясы порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. Авторизация бойынша ank_portal@assembly.kz мекен-жайынахабарласыңыз.

Кейін қарай