Қазақстан халқы Ассамблеясы

25 Қазан, 2021

325

«Халықтар достығы» саябағын ашу идеясы ұнады»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерді көтерді. Еліміздегі халықтар достығының маңызын айта отырып Ассамблеяның рөлін тағы бір сатыға көтергенін баса айтқым келеді. Президент құрғақ сөзді қойып іске көшу керегін өзінің жолдауында да айтқан болатын.
Қазіргі таңда еліміздің әр бөлігінде экологиялық мәселелер әредік көтеріліп жатады. Тоқаев мырза бұл тұрғыда да тамаша бастама көтерді. Әр аймақта, ірі қалаларда «Халықтар достығы» саябағын ашу мәселесін қарастыра отырып жастарды табиғатты аялауға шақырды. Ол өз сөзінде ел бойынша 2 млрд ағаш егу бастамасын көтерді. Әр аймақ шамамен алғанда 15 млн көшет отырғызу керек екені де баса айтылды.
Еліміз географиялық тұрғыда қарар болсақ шөл және шөлейт жерлерден тұратыны анық. Орман-тоғай, жасыл желек мәселесі бар екені рас. Осы олқылықтың орнын жою үшін тап осындай нақты қадамның жасалуы заңды дер едім. Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы екі мыңыншы жылдардың бас шенінде астанамыздың маңайына біраз ағаш еккізгені мәлім. Қазір бұл жер ну тоғайға айналып, Астана мен Аршалы ортасындағы жергілікті тұрғындар қарақат теріп жеп отырғаны әмбеге аян. Сондықтан да бұндай жобаларды тек қана қағаз жүзінде қалатын дүние деп қарамау керек. «Көз қорқақ, қол батыр» деген сөз ежелден бар. Олай болса іске сәт!


Виталий Хмелевский
"Полония" Қарағанды облыстық қоғамының төрағасы

Кейін қарай