Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Тамыз, 2020

821

Конституцияның 25 жылдығына арналған конференция өтеді

2020 жылғы 27 тамызда сағат 19.00-де Нұр-Сұлтан қаласында Конституцияның 25 жылдығына арналған Қазақстан халқы Ассамблеясы «Жаңғыру жолы» Республикалық жастар қозғалысының онлайн-форматта конференциясы өтеді.

Конференцияның негізгі мақсаты - жастарды мемлекеттік қолдау шараларын ақпараттық сүйемелдеу арқылы жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Іс-шараға ҚХА «Жаңғыру жолы» РЖҚ төрағасы, ҚСҰК мүшесі Максим Споткай, Қазақстан спикерлері Ассоциациясының президенті, психотерапевт, харизманы жүйелі түрде дамытудың сарапшысы Михаил Дудник, Жас заңгерлер Палатасының төрағасы Сағидолла Баймұрат, ҚХА жастар қозғалысының аймақтық штабының мүшесі, этномәдени бірлестіктердің, жастар және студенттік ұйымдардың өкілдері қатысады.

Конференция шеңберінде келесі мәселелер қаралады:

• Жастардың құқықтық сауаттылығы мәселелері бойынша сарапшылық пікірсайыс алаңын құру;

• Жастар бастамаларын, сондай-ақ жастарға арналған басқа да жобалар мен бағдарламаларды мемлекеттік қолдау шараларының тұсаукесері;

• Жастарды өз идеялары мен бастамаларын дамытуға ынталандыру;

• Жастарды адам құқықтары саласындағы білім беруге тарту.

Басқа аймақтардың қатысушылары ZOOM конференц-платформасы арқылы онлайн режимде қосылады.

Онлайн қосылу үшін: https://www.facebook.com/assemblykaz/

ZOOM: https://us02web.zoom.us/u/kAld9lGDE

Кейін қарай