Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Маусым, 2022

328

Конститутцияға енгізуге ұсынылған өзгертулердің маңыздылығы мен өзектілігін талқылауы бойынша кеңейтілген отырысы өтті

Бүгін, 2 маусым күні Алматы қаласы Республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерімен Конститутцияға енгізуге ұсынылған өзгертулердің маңыздылығы мен өзектілігін талқылауы бойынша кеңейтілген отырысы өтті.


Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері, жастар мен БАҚ тілшілері қатысты.

Жиын модераторы отырысқа қатысушаларды таныстырған соң, алғашқы сөз кезегін З. Кузиевке берді.

«Елімізде соңғы рет конституциялық референдум 1995 жылы өтті. Яғни, тәуелсіз Қазақстанда туған жастар үшін бұл – алғашқы тәжірибе. Сондықтан әркім өз пікірінің маңыздылығын және ел болашағы үшін жауапкершілікті сезіне отырып, 5 маусымда дауыс беруі керек. «Жаңа Қазақстанды» құратын дәл осы жастар және бұл жолдағы алғашқы қадам – референдумға қатысу. Конституцияға енгізілетін өзгерістер әрбір қазақстандықтықтың өміріне әсер етеді» – деді З. Кузиев.

Жұмыс барысында этномәдени бірлестік өкілдері конституциялық өзгерістердің мән-маңызы мен еліміздің тұрақты дамуына тигізетін әсері жайында бірқатар ұсыныстары мен пікірлерін жеткізді.


«Конституциялық өзгерістер – бұл саяси реформа ғана емес, сонымен бірге біздің қоғамдағы үлкен өзгеріс. Қазақстан Республикасы Конституциясының 33 бабына өзгеріс енгізіледі. Сондықтан бәріңізді референдумда дауыс беруге шақырамын, бұл біздің азаматтық парызымыз» – деді В. Набиев.

Жиын соңында отырысқа қатысушылар референдумға ұсынылған түзетулердің мәні туралы толыққанды хабардар екені жеткізіп, 5 маусым күні өтетін республикалық Референдумға белсенді қатысып, тарихи таңдау жасауға шақырды.

Кейін қарай