Қазақстан халқы Ассамблеясы

31 Қаңтар, 2023

194

Корей этносының дәстүрге бай мерекесі - Сольналь

«Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық бірлестігінің ұйымдастырумен корей халқының Жаңа жылы – Сольналь мерекесі Кореяна мейрамханасында тойланды.

Салтанатты кешке облыстағы корей этносы, облыстық этномәдени бірлестіктерінің басшылары мен мүшелері, бірлестіктің ардагерлері және жастары қатысты.

Мерекеге орай жиылған қауым алдында «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов, облыстық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, Алматыдағы корей театрынан арнайы келген қонақтары сөз сөйлеп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

Ай күнтізбесі бойынша тойланатын жаңа жылдық мереке биылғы күнтізбеге сай 29 қаңтарда тойланды. Жаңа жылда корей этносы басымдықты отбасыға беретін көрінеді. Олар жас буынға, өскелең ұрпаққа ата-бабаның себэ салтын насихаттап, үлкендерді құрметтеуге шақыратын Жаңа жылды үлкен-кішісі бірге барлық жоралғыларды өз кезегімен орындады. Дәстүрге сәйкес жастар үлкендерге құрмет көрсетіп, олардың ақ батасын алды.

Сольналь мерекесінде би де, ән де, ұлттық ойын да болды. Барлық ер азаматтар жиналып, қазақтың лянгі тебу қозғалысты ойынына ұқсас – чегичхагиді ойнады. Бірлестіктің ардагері 95 жастағы Михаил Данилович бастаған үлкен кісілер қазақтың асату салтына сәйкес қатысушыларға тәтті тоқаш ұсынды. Келген қонақтарға корей ұлттық тағамдарынан әзірленген мерекелік дастархан жайылды.

Сольналь мерекесіне қатысушылардың назарына "Алекс" хореографиялық ұжымының билері, «Чинсон» вокалдық тобының орындауында әндер ұсынылды. Шара соңында «Қазақстан корейлер қауымдастығы» Қызылорда облыстық бірлестігінің жетекшісі Елена Ким естелік ретінде барлық қонақтарға ай күнтізбесін сыйға тартты.


Кейін қарай