Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Желтоқсан, 2020

638

Корея консулы жұмыс сапарымен Қызылордаға келді

Қызылорда қаласына жұмыс сапарымен Корея Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Ким Хынг Су, сондай-ақ делегация құрамында Кореяның вице-консулы Хван Гю Тэ келді.


Қонақтар Қызылорда Достық үйінде болып, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелейтін фотогалереямен танысты. Консул «Қазақстан корейлері қауымдастығы» облыстық қоғамдық бірлестігінің кабинетінде болды.

Консул Кореяның Халық Қаһарманы Хон Бом До мемориалдық кешеніне барып, Хон Бом До мен Ге Бон У ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.Биыл корей халқының даңқты батыры Хом Бом Додың туғанына 152 жыл толды. Өз елінің нағыз патриоты, аты аңызға айналған тарихи тұлға. 1943 жылы қайтыс болып, Қызылордаға жерленді.


Корея консулының сапар бағдарламасында Ә.Тәжібаев атындағы облыстық кітапханада «Хангыль Хаккё» орталығының корей тілі оқытушылары мен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің ректоры Бейбіткүл Кәрімовамен кездесу жоспарланған.

Кейін қарай