Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қазан, 2022

213

Кореямен білім саласындағы ынтымақтастық артады

Корея Республикасы Ғылым және Білім Министрлігі жанындағы Корея тарихы және мәдениет орталығының бас хатшысы Чонг Кёнгвон бастаған делегация Қызылорда облысының Достық үйіне келді. Кездесуде тараптар ғылым, білім, мәдениет және тарих саласындағы үшжақты меморандумға қол қойды.

Кванджу қалалық білім басқармасының үшжақты меморандумын жасау үшін Қызылорда облысы Қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" коммуналдық мемлекеттік мекемесімен, "Қазақстан корейлер қауымдастығы" Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігі және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетімен ынтымақтастық мәселелері талқыланып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру туралы келісімге қол қойылды.


Меморандум жасасу нәтижесінде аталған мекемелер білім, тарих, мәдениет саласындағы жобаларды бірлесіп атқаруға мүдделі.

Мазмұнды кездесуде "Қоғамдық келісім" КММ директорының орынбасары Айбек Дайрабай, Қызылорда облыстық корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Елена Ким, Корея Республикасы Білім және ғылым министрлігі жанындағы Корея тарихы және мәдениет орталығының бас хатшысы Чонг Кёнгвон және Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті ректорының міндетін атқарушы Нұрлан Оразбаев сөз сөйлеп, үшжақты қарым-қатынасты дамытуға белсенді түрде атсалысуға дайын екендерін жеткізді.


Айта кететіні, бұған дейін үстіміздегі жылдың тамыз айында Сыр өңірінің тарихы, мәдениетімен танысу ниетінде Оңтүстік Кореядан 100-ден аса студент, оқушылар келді. Олар өңірлік корей этномәдени бірлестігінің өкілдері және жастармен кездесіп, Корея және Қызылорда арасындағы үлкен дәрежедегі достықты, жан-жақты байланысты сөз етіп, облыстағы тарихи-мәдени орындармен танысқан болатын.


«Қоғамдық келісім» кмм баспасөз қызметі

Кейін қарай