Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Мамыр, 2021

5465

Курчатов қаласының Достық үйінде келіндер арасында байқау өтті

Курчатов қаласынын Достық үйінде «Атамұра» қазақ мәдени орталығының ұйымдастыруымен қазақтың әдет-ғұрпын бойына сіңіріп, салт-дәстүрін берік ұстанған инабатты қазақ келіндерінің арасында «Пай-пай, шіркін қазақтың келіндері-ай!» атты қалалық байқауын өтті.


Сайыс 6 кезеңнен тұрды. «Сәлем – сөздің анасы!» атты алғашқы кезеңде жас келіндер өздерін таныстырса, «Сәбиімді әлдилеймін әндете» кезеңінде бесік жырын орындады. «Ойлы болсаң, озып көр!»-де салт-дәстүрлер аясындағы сұрақтарға жауап беріп, «Кім жылдам?» атты кезеңде картоп аршу мен шаш өруден сайысқа түссе, «Саусағынан бал тамған келіндер-ай!» кезеңінде өздері жасаған қазақтың ұлттық тағамдарын көрсетіп, соңғы «Өнерлі келін – сүйкімді!» кезеңінде өз өнерлерін ортаға салды.

Байқау соңында құзіретті әділқазылар алқасының қорытындысы бойынша Нұрлан Ардақ бас жүлдені иеленді. Басқа да жүлдеге ие болғандарға сый-сияпаттар табыс етілді.


Кейін қарай