Ұлттық бірлік – қоғамдағы тұрақтылық негізі

Ұлттық бірлік – қоғамдағы тұрақтылық негізі

Ұлттық бірлік «бір жеңнен бас, бір жеңнен қол» шығарып, етене жұмыс жасағанда ғана жүзеге аспақ. Олай болса ел тыныштығын, ел бірлігін сақтауда мемлекеттік басқару жүйесі, қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалар да бір мемлекеттің азаматтары ретінде бірігіп шешім қабылдап, еңбектену абзал.

Қазақстан «Бір ел – бір бағдар» деген ұстанымды алға тартып ел бірлігін даму стратегиясының басты шарты деп біледі. Осы қағиданы іске асыру жолының бір тетігі – саяси сайлау дербес ұлттық рухы, мәдениеті, тарихы, санасы дамып жетілген өркениетті ұлт есебінде жалпы адамзаттың ұлы көшіне ілесіп, басқа мемлекеттермен терезесі тең мемлекет ретінде иық тірестіре алатындығымызды тағы бір мәрте көрсететін саяси қатысудың демократиялық үлгісі.
Кез келген саяси-экономикалық, қоғамдық-әлеуметтік үрдістерге уақыт өзінің өзгертулері мен түзетулерін әрдайым енгізіп отыратындығы сөзсіз. Бұл саяси қатысуға, яғни сайлауға деген қызығушылыққа да қатысты. Себебі, сайлау қоғамдағы өзгерістердің өлшеушісі, «индикаторы» екіндігі сөзсіз.
Сайлауға қатысу арқылы азаматтар заңды жолдар арқылы елдегі өзгерістердің, яғни өзінің болашағының қандай бағытта дамыйтындығын анықтай алады. Сәйкесінше әр елде заңнамалық ерекшеліктеріне сәйкес саяси қатысудың ерешелері мен заңдық шеңберлері айқын анықталған.
Бүгінгі таңда азаматтардың заң шеңберінде өз пікірлерін жеткізе алуы демократияның басты өзегі болып табылады. Сол себепті де, демократияға бет бұрған мемлекеттердің басты мақсаттарының бірі азаматтардың саяси өмірге қатысу тетіктерінің заңды жолдарын құрып, оны қамтамасыз ету болып отыр. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында биліктің бірден-бір көзі – халық және мемлекеттік билікті ұйымдастырудың негізгі жолы ретінде ерікті сайлау анықталған.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 33-бабы Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа жеткен азаматтарының тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысу құқығына кепілдік береді. Елбасы Н.А.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының 14 сессиясында (2008) мемлекеттік саясаттың негізі деген бес қағидатын жария етті, олар: этностық, діни, мәдени, тілдік әралуандылық – біздің баға жетпес байлығымыз, Қазақстан этностарырның мәдениеті мен тілін дамыту үшін мемлекет мақсатты түрде барлық жағдайды жасайды, ұлтымыздың маңызды құндалақтары – толеранттық пен жауапкершілік, Қазақстан халқының бірлігі. Әралуандылықтың басын қосатын, ұйытқысы болатып – қазақ халқы деп білеміз.
Осы тұрғыдан Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасының адам мен азаматтың нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, наным-сеніміне қарамастан құқықтары мен бастандықтарын шектеуге тиым салады. Сонымен қатар этнос және діни негіздемелер саяси ұран немесе саяси мақсатта қолдануға жол берілмейді. ҚР Конституциясының 39 бабының 2-тармағы бойынша «Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады». Қазақстандық ел бірлігі моделі ерекшеліктерінің бірі – этностық топтар азаматтық-құқықтық және қоғамдық тұрғыдан бірдей, «ұлттық азшылық» дейтін ұғым іс жұзінде қолданылмайды.
Санының аз-көтпігіне қарамастан Қазақстан халқының құрамындағы этностар тең құқықпен және мемлекеттік қорғауымен қамтамасыз етілген. Этносаралық және конфессияаралық келісім мен бірлік ету жолындағы Қазақстанның қарекеті еліміздің гуманитарлық өлшемдегі ең маңызды жетістіктерінің бірі ретінде әлемдік деңгейде мойындалып отыр.

Кошербаев Дастан Бақытбекұлы, 
ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару 

академиясының Орталық Азия өңіріндегі 

этносаралық және конфессияаралық қатынастарды 

зерттеу орталығы жетекшісінің орынбасары, 

ҚХА Ғылыми сарапшылық кеңесінің мүшесі, саяси ғылымдарының кандидаты

Back to the list