Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Наурыз, 2023

240

Ұлттық ұлан курсанттарымен кездесу

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сарапшылық тобы төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы академиясы басшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары Н.К. Бектұрсыновтың шақыруымен облыстық ассамблея өкілдері Ұлттық ұлан академиясының курсанттарымен кездесті.

Ғылыми-сарапшылық тобының төрайымы Г.Н. Мұсабаева бастаған ассамблея делегациясын жылы қарсы алды.

Кездесу модераторы Г.Н. Мұсабаева қатысушыларға Қазақстан халқы ассамблеясының мақсаттары мен міндеттері туралы таныстырды. Ол «Наурыз мейрамын» 2010 жылы 21 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Халықаралық Наурыз күні деп жариялағанын атады.
«Біз ғылыми-сарапшылық тобының мүшелеріміз, СҚО ҚХА-ның барлық этномәдени бірлестіктерімен және құрылымдық бөлімшелерімен бірге Қазақстанда бейбітшілік пен бірлікті сақтау және нығайту үшін күн сайын еңбек етеміз. Бірлік осы Наурыз мерекесі күндері ерекше сезіледі».
Курсанттарға ассамблеядағы қоғамдық бірлестіктердің жұмысы туралы Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы асамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, «Кентрон» Солтүстік Қазақстан облыстық армян мәдениеті орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары С.С. Малхасян, «Қазақстанның орыс қауымы» қоғамдық бірлестігі Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының (жерлестік) белсендісі Н.Ф. Рудикова, СҚО ҚХА Журналистер клубының мүшесі Б.Қ. Базарбаев баяндады.
Болашақ әскери мамандарды келе жатқан мерекемен «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Д.Р. Уразбаева құттықтады.

«Алуа» халық би ансамблінің шығармашылық нөмірі және ҚХА kids мүшесі Альмира Нурикинова домбырада ойнаған күй курсанттарға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Аға буын өкілдері курсанттармен қоштасып, жастарға денсаулық пен амандық тіледі.


Кейін қарай