Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Желтоқсан, 2019

7723

Мәңгілік елдің тұғыры – Тәуелсіздік!

Зураб Абашидзе Грузияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақ халқын республиканың тәуелсіздік күнімен шын жүректен құтықтаймын. Барша қазақстандықтарға бастысы деннің саулығын, амандық, табыс және бейбіт аспан тілеймін. Қазақстан мен Грузияның арасында ынтымақтастық байланыс пен достық көпірі өте берік. Біріншіден, бұл біздің бір тарихты жүріп өткенімізбен байланысты, біз Кеңес Одағы деген бір мемлекеттің құрамында өмір сүрдік. Біз тарихты бағалаймыз, оны ұмытуға болмайды. Алайда, бүгінгі күн мен болашақ өте маңызды. Отыз жылдан бері біз мемлекетаралық қарым-қатынасымызды тәуелсіздік деңгейінде жүргізіп келеміз. Екі мемлекет те тәуелсіз, егеменді ел. Біз азат елдер ретінде өзара ынтымақтастықты сенімділікке құрып, бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз.

Әскер Пириев, «Ахыска» «Қазақстан түріктерінің қоғамы» қоғамдық бірлестігі Астана қаласы бойынша филиалының төрағасы:

- Ата-бабамыз мыңжылдықтарда аңсап өткен Тәуелсіздікке біздің ұрпақ қол жеткізді. Бұл жәй ғана бірнеше әріптерден құралған сөз емес, ол жүректерді тебірентіп, көңілдерден орын тапқан қасиетті, қастерлі ұғым. Ол аспаннан түскен дүние емес. Тәуелсіздік киелі, сондықтан оны сақтай алмасақ, ұрпаққа жеткізе алмасақ бізге сын. Ел тәуелсіздігінің мығым болуы үшін біздің бірлігіміз бекем, татулығымыз берік болуы керек. Біз елге деген сүйіспеншілігімізді ісіміз арқылы дәлелдеуіміз керек. Күллі қазақстандықтарды еліміздің қасиетті де қастерлі Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын.


Максим Споткай, ҚХА жанындағы «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының төрағасы:

- Тәуелсіздік күні Ұлы дала елі үшін ең ұлық мереке. Шынында да, Тәуелсіздіктің арқасында халық бейбіт, азат, тату өмір сүруде. Мен өзімнің жеке өмірлік жетістіктерімнің барлығын тәуелусіздікпен байланыстырамын. Барша қазақстандықтарды шын жүректен Тәуелсіздік күнімен құтықтап, амандық тілеймін. Тәуелсіздігіміз бен тату-тәтті тірлігіміз мәңгілік болсын!

Наринэ Микаелян, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Барлық қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Бұл менің жақсы көретін мерекелерімнің бірі. Халқыма бейбіт аспан тілеймін, ел арасында бейбітшілік кпен татулықтың, тұрақтылық пен достықтың үнемі болғанын қалаймын. Біздің еліміз тек гүлдене берсін, бүгініміз секілді болашағымыз да жарқын болсын деп тілеймін.

Кейін қарай