Мәжілісте ҚХА депутаттық тобының отырысы өтеді

18 маусымда сағат 15.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің конференц-залында (А-235 кабинет) «Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының Қ.К.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасынан және Қазақстан Республикасының сайланған Президенті қызметіне ресми кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінен туындайтын міндеттері туралы» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі депутаттық тобының отырысы өтеді.

Отырыс жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің жауапты қызметкерлері, министрліктердің басшылары, мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

Баяндамашы – Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Хатшылық меңгерушісі Ж. Түймебаев.


Back to the list