Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Ақпан, 2022

346

М.Әзілханов: көпшілік үшін қазақ жері туған үйге айналды

22 ақпанда Қазақстан аумағына халықтарды депортациялауға арналған «Естелік және алғыс»атты республикалық дөңгелек үстелі өтті.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі М.Әзілханов, ҚР Парламентінің депутаттары, ҚХА Кеңесінің мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қоғам қайраткерлері және т.б. қатысты.

Отырысты ашу барысында Марат Әзілханов дәстүрлі түрде өтетін осы дөңгелек үстел вайнахтар тарихындағы қаралы кезеңдердің бірін еске алуға арналғанын атап өтіп.

«23 ақпан шешен және ингуш этностары өмірінің қайғылы кезеңін бейнелейді. Біз бұл оқиға туралы білеміз және оны әрдайым есте сақтаймыз. Сонымен қатар бұл қайғылы тарих Қазақстанғакелген вайнахтардың бейбіт және тату өміріне бастау болды», – деп атап өтті ол.

Оның айтуынша, сол жылдардағы адам құрбандары мен қатыгез драматизмді еске алу әрбір қазақстандықтың жүрегінде сызат қалдырды.

«Қазақстан халқының батылдығы мен шыдамдылығы ауыр сынақтардан лайықты өтіп, біртұтас ұлтқа бірігуге мүмкіндік берді. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген халықтар үшін қазақ жері ортақ үйге айналды», – деп түйіндеді М.Әзілханов.

Өз кезегінде Қазақстандағы шешендер мен ингуштар қауымдастығының төрағасы Ахмед Мурадов Қазақстанға жер аудару кезінде қазақтардың шешендер мен ингуштарға қалай көмектескені туралы, сондай-ақ оларды оңалту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

«Қазақстан халқы өзара түсіністікте өмір сүреді және біздің өзара қарым-қатынасымыздың негізінде әрқашан достық пен құрмет орын алады. Ортақ қуаныш ұлғайып, ортақ қайғы азаюда. 1993 жылы Қазақстан «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Заңды қабылдады және біз заңсыз өлтірілген ата-бабаларға қатысты әділдікті қалпына келтіруге тырысып, аталған заң шеңберінде өмір сүріп жатырмыз», – деп түйіндеді ол.

Ахмед Мурадов өз сөзінде жаппай қуғын-сүргін және жер аудару кезінде қаза тапқан ата-бабалардың жерленген орындарын іздестіру және анықтау үшін «Қасиетті Қазақстан» ұлттық жобасы шеңберінде жер аударылғандардың шетелде тұратын ұрпақтарының Қазақстанға сапарын ұйымдастыруды ұсынды.

Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі Наталья Калашникова Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеу және насихаттау тарихи жадыны сақтауға бағытталғанын айтып өтті.

«Зерттеушілердің айтуынша, ұлттық тарих ұжымдық жадыдан генетикалық тұрғыда өсіп келеді. Қоғамдық маңызы бар, қоғамды біріктіруші ҚХА жобалары тарихи жадыны, тарихи әділеттілікті сақтауда, ұлттық сананы нығайтуда өз нәтижелерін берді», – деді ол.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясына тарихи жадыны сақтауға қатысқаны, елдегі бірлік пен бейбітшілікті нығайту үшін жағдай жасағаны үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Қазақстанды құру бойынша қабылдаған кешенді шараларына қолдау білдірді.

Естеріңізге сала кетсек, кейбір мәліметтер бойынша, әр жылдары Қазақстанға Солтүстік Кавказ халықтарының 507 мың өкілі, сондай-ақ 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей отбасы, сондай-ақ Қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар және басқалары жер аударылған болатын.

Кейін қарай