Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Желтоқсан, 2020

835

Маңғыстауда онлайн форматта Абай шығармашылығына арналған байқау ұйымдастырылды

Маңғыстау облысы ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ-нің әлеуметтік тапсырысы аясында «Жалын PRO» қоғамдық бірлестігі «Достық – бірлік пен ынтымақ негізі» атты ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арнап Абай оқуларынан облыстық онлайн форматтағы байқауын ұйымдастырды.

Байқаудың мақсаты - Абайды тану, оның шығармаларын меңгеру арқылы өмірде өз қажетіне сай оқып-үйрену, жан-жақты талдай білу. Қатысушылар Абай Құнанбаевтың шығармаларынан үзінді оқып, Instagram әлеуметтік желіге жүктеді.

Қазылар алқасы барлық қатысушылардың шығармаларын тыңдап, жүлделі орындарды анықтады.

Байқау қорытындысы бойынша І орынды «IT лицей» КММ-нің 8 сынып оқушысы Хазиева Дария жеңіп алды. Барлық қатысушыларға алғыс хатпен және бағалы сыйлықтар табысталды.

Кейін қарай