Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Шілде, 2022

297

Маңғыстауға жұмыс сапарымен Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Наталья Дементьева келді

Бүгін Достық үйінде Парламент Мәжілісінің депутаты Наталья Дементьева өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен және ҚХА құрылымдарымен (аналар кеңесі, «Ассамблея жастары» РҚБ МО, ардагерлер кеңесі, Кәсіпкерлер қауымдастығы, ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі) кездесті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ұлықбек Тналиев те қатысты.

Күн тәртібінде армияға, мерзімді қызметкерлерге және олардың армиядағы қызметіне қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, армиядағы атмосфераны жақсарту бойынша пікірлер мен ұсыныстар тыңдалды.

Маңғыстауға сапардың негізгі мақсаты казармалық-тұрғын үй қорымен, әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастырумен, қару-жарақ пен әскери техниканың үлгілерімен, сондай-ақ әскери бөлімнің материалдық-техникалық жарақтануымен танысу болып табылады.


Наталья Дементьева жұмыс сапары аясында Ұлттық ұланның 6656 әскери бөліміне, теңіз жаяу әскері бригадасының 25744 әскери бөліміне және Маңғыстау облысының әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасының 51809 әскери бөліміне барады. Депутатпен бірге барлық әскери бөлімдерге бұрын Маңғыстау облысының Аналар кеңесі жанынан құрылған "Сарбаздар аналары" штабының мүшелері де барады.

Кездесу аясында Наталья Дементьева этномәдени бірлестіктердің белсенді өкілдерін Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың референдумға дайындық пен оны өткізуге белсене қатысқаны үшін, сондай - ақ ізгіліктің, рухани келісімнің, достық пен этносаралық бірлікті нығайтудың гуманистік идеалына қызмет еткені үшін алғыс хаттарымен марапаттады.


Кейін қарай