Қазақстан халқы Ассамблеясы

28 Ақпан, 2022

480

Маңғыстау облыстық Аналар кеңесінің отырысы өтті

Ақтау қаласының Достық үй ғимаратында Маңғыстау облыстық Аналар кеңесінің жұмысын жандандыру мақсатында Кеңестің төрағасы мен құрамын қайта қарау, тағайындау туралы отырыс өтті.

Кездесудің мақсаты отбасылық дәстүрлер мен құндылықтарды насихаттау, тұлғаның рухани, адамгершілік қасиеттерін дамыту, Аналар кеңесінің қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету бойынша жұмысын жандандыру болды.

Кездесу барысында Маңғыстау облысының Аналар кеңесі 2021 жылы отбасының әлеуметтік институтын нығайту, отбасылық қатынастар мен балаларды тәрбиелеу саласындағы дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту мақсатында өткізген іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Сондай-ақ Аналар кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспары талқыланды.

Аналар кеңесі қазақстандық патриотизмді, толеранттылық пен этносаралық келісімді, ұрпақтар сабақтастығын, ұлттық дәстүрлер мен отбасылық құндылықтарды нығайтуға және сақтауға өз үлесін қосып келеді. Маңғыстау облысында облыстық, бір қалалық, бес аудандық, жиырма екі ауылдық Аналар кеңесі жұмыс істейді.

Кейін қарай