Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Мамыр, 2019

6810

Маңғыстау облысының ҚХА соғыс ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

Екінші дүниежүзілік соғыстағы Жеңістің 74-жылдығын мерекелеу қарсаңында Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы Достық ұйінде ардагерлерге арнап мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Оған Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов, қала әкімі Ғалымжан Ниязов, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

«Женіс мерекесі әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі болып қала бермек. Ұлы Жеңісті жақындатуға абзал арыстарымыздың майдан даласында, отандастарымыздың тылда қосқан еңбегі өлшеусіз. Аға буынның ардақты ісін бүгінгі күні кейінгі ұрпақ лайықты табыстармен жалғастырып келеді. Біздің жерлестер, жауынгер-манғыстаулықтар барлық ірі шайқастарға қатысты. Тыл ардагерлері өздерінің ерен еңбегімен Ұлы Жеңіске зор үлес қосты.

Кейінгі ұрпақ жарқын да бейбіт болашақта өмір сүруі үшін қан майданды бастан кешірген өздеріңізге әрдайым тағзым етеміз. Жеңіске қол жеткізген батырлықтарыңыз, ерліктеріңіз мәңгілік ел есінде қала бермек», – деді облыс әкімі шараның ашу салтанатында.

Сондай-ақ, өңірдегі этномәдени бірлестіктердің төрағалары ардагерлерге алғысын білдіріп, құттықтауларын жеткізді.

Ардагерлер назарына этномәдени бірлестіктер мүшелерінің дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылды. Жиналғандар Қазақстан Республикасының мәдениет үздігі, әнші Гүлнара Макинамен бір ауыздай «Катюша» әнін шырқады. Жас солист Армен Саакян «Синяя вечность», ал Арман Нұржан «Менің Қазақстаным» әнің орындап берді.    «Нұр» би ансамблі «Арцватор» биімен өнер көрсетті.

Кейін қарай