Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Наурыз, 2019

727267

Маңғыстауда Амал мерекесі шеңберінде 300 атты керуен Отпан тауда бірліктің қасиетті алауын жақты

14 наурыз күні Маңғыстау өңірі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырту» бағдарламасы аясында дәстүрлі бірлік пен ынтымақтастық мерекесін тойлауда. Мереке қарсаңында Ақтау қаласынан Отпан тауға дәстүрлі «Ұлы дала көші» аттанды. 

«Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында Мемлекет басшысы қазақ даласында өмір сүрген ежелгі көшпелі халықтардың жеті қазынасын атады. Маңғыстауда Амал-мерекесін тойлау Елбасы мақаласының мәнін айқындай түскендей. Бұл мерекенің басты мақсаты-халықтың бірлігі мен тұтастығын нығайту, ұлттық салт-дәстүрлерді дәріптеу.

Сондай-ақ, Мемлекет Басшысының бағдарламалық мақаласында салт ат мәдениетіне ерекше көңіл бөлінеді.

Көшпелі халықтарға құрмет ретінде Амал мерекесінің алғашқы күнінде «Ұлы дала көші» атты театрландырылған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, оған ұлттық киім киген 300-ге жуық шабандоз қатысты. 

Дәстүр бойынша, алдымен ерлер арасында аудараспақ, теңге ілу сынды ұлттық ойындар ойнатылды. Содан кейін «Амал келді, жыл келдi» театрландырылған қойылым өтті.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов барлық қонақтарды келе жатқан Амал мейрамының басталуымен құттықтады. «Амал – көктемнің келуінің, халықтың бірігуінің дәстүрлі мерекесі, ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қойылған негізгі міндеттерді толығымен көрсететін мереке. Онда қазақ халқының көп ғасырлық тәжірибесінің мәні, баға жетпес мұрасы, қайнар көздері, ұлттық мәдениетінің мәні жатыр. Бүгін Амал мерекесін тойлай отырып, біз Маңғыстаудың ұлттық тарихи мұрасын зерттеуге, қорғауға, сақтауға және насихаттауға өз үлесімізді қосамыз. Сондай-ақ, Ақтауда өтіп жатқан халықаралық конференцияға қатысушы Ұлыбритания, Түркия, Ресей, Әзербайжан және басқа елдерден келген ғалымдарға қош келдіңіздер дегім келеді. Қазір олардың еңбегі өлкенің баға жетпес тарихи мұрасын зерттеуге және сақтауға бағытталған. Олардың Маңғыстауда жасаған ғылыми жаңалықтары жалпы тарих ғылымының дамуына серпін береді деген зор үміттемін», - деа атп өтті аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

Содан кейін ақсақалдар мен аймақ басшысы Ақшұқыр маңындағы Бегей ауылына аттанған көшпелі көшке баталарын берді. Көшті жергілікті тұрғындар қарсы алды. Осы жерде мерекелік іс-шара, өнер көрмесі мен концерт ұйымдастырылды. Содан кейін көш қатарына Ақшұқыр жастары қосылды және барлық театрландырылған шеру Отпан тауға шықты. Бұл жерде дәстүр бойынша 13 наурызда кешкісін бірліктің қасиетті алауын жағу рәсімі өтеді.

mangystau.gov.kz

Кейін қарай