Қазақстан халқы Ассамблеясы

27 Сәуір, 2021

1229

Маңғыстауда ҚХА мүшелері 30 отбасыға азық-түлік себетін үлестірді

Маңғыстау облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен Рамазан айында қайырымдылық акциясы өтті.

Отызға жуық отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді. Акцияға Маңғыстау облысы ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі, Маңғыстау ауданы Аналар кеңесінің төрағасы Абдулаева Түймеш, сондай-ақ "Берекет-Ф" ЖШС бас директоры, Маңғыстау облысы ҚХА Кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Зарета Фаталиева қатысты.

- Осындай қиын уақытта мүмкіндігінше мұқтаж адамдарға көмектесу керек. Қасиетті Рамазан айында игі істер жасау әрбір мұсылманның парызы деп білеміз, - деп атап өтті "Берекет-Ф" ЖШС бас директоры және лезгин этномәдени бірлестігінің мүшесі Зарета Фаталиева.

Өз кезегінде Аналар кеңесі де 10 отбасыға азық-тұлік жиынтықтарын тапсырды.

Кейін қарай