Қазақстан халқы Ассамблеясы

20 Мамыр, 2021

435

Марат Әзілханов республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен арнайы кездесті

2021 жылы 20 мамыр күні Алматыдағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілхановтың республикалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілерімен бірқатар кездесулері өтті.

Кездесулерге шешен-ингуш, түрік, армян, дүнген, түркімен, грек, еврей, румын-молдаван, беларусь, қарашай-балқар, венгр және карел-фин этномәдени бірлестіктерінің басшылары қатысты.


Кездесулер барысында ҚХА Төрағасының орынбасары этностық бірлестіктердің жұмысы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайтуда, этникалық топтарды азаматтық бірегейлік қағидаттары негізінде интеграциялауда және мемлекеттік тілді оқытуда - этносаралық қатынастың негізі деп атап өтті.

Өз кезегінде этномәдени бірлестіктердің басшылары өз ұйымдарының жұмыс жоспарларымен таныстырды, Ассамблеяның әлеуметтік және қайырымдылық жобаларын іске асыруды талқылады, ҚХА-ның ХХІХ сессиясында қабылданған шешімдердің орындалуы туралы әңгімеледі.


Кездесулер соңында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметінің ерекше шоғырландырушы ретіндегі маңыздылығын атап өтті.

Кейін қарай