30 Қыркүйек, 2020
470
Медиация –азаматтық қоғам институтын дамыту
Шерзод Пулатов, ҚХА Төрағасының орынбасары, халықаралық кәсіби медиатор:
- Қазақстан өркениетті дамудың жаңа кезеңіне аяқ басты. Ел ішінде түрлі тұрмыстық, әлеуметтік, экономикалық дау-дамайларды шешудің, халық ішіндегі әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуын қамтамасыз етудің жаңа тәсілі ұсынылды. Бүгінде азаматтық, отбасылық мәселелер сондай-ақ түрлі қылмыстық істер медиаторлардың қатысуымен қаралып келеді. Бұл соттарға түсетін салмақты да жеңілдетеді деп ойлаймын. Әлемдік статистикаға көз жүгіртер болсақ, даулардың 40 пайызға жуығы медиация арқылы шешіліп жатыр. Осыдан тура тоғыз жыл бұрын, яғни 2011 жылы ҚР «Медиация туралы» Заңы қабылданды. Бұл мәселенің өзектілігін көтерген Елбасы, Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың медиация институтын жан-жақты дамыту туралы тапсырмасы бүгінде өз жемісін бере бастады. Медиация саласында атқарылып жатқан істердің басты міндеттері қоғамдағы түрлі дау-дамайларды соттан тыс шешу әдісімен азайту жалпы осы медиацияның яғни бітімгершілік рәсімдермен шешу мүмкіндіктерін арттыру. Әрине, кәсіби медиатор болғандықтан, оның үстіне медиация бойынша халықаралық тренер болғандықтан көбінесе медиаторларды даярлау және олардың тәжірибесін арттыру жолында жұмыстар атқарып келемін.
Кез келген дау-дамайды шешуге медиатор маманға небәрі отыз күн беріледі. Бұл мерзім белгілі бір себептерге байланысты ұзартылатын уақыттар да болуы мүмкін. Бірақ та алпыс күннен аспауы қажет. Сотта қос тарап бір-біріне қарсы әрекет етсе, ал медиация кезінде өзара ынтымақтаса қимылдайды. Медиацияның ерекшелігі – екі тарап өздері келісе отырып, ортақ шешім шығарады.
Медиация институты – елде азаматтық қоғам қалыптастырудың белгісі. Кез келген дау-дамайлы мәселені сотқа жеткізбей шеше білу - бұл адам құндылықтарының жоғары бір деңгейге көтерілгенінің көрінісі болып табылады.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Ассамблея жастары» белсенділері «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлеріне ұлттық ойындарды үйретті
-
Этномедиацияны дамыту мәселелері талқыланды
-
«Қазақстандық әзербайжандықтар ассоциациясы» Республикалық қоғамдық ұйымының төрағасы Әбілфас Хамедовтың 8-ші Наурыз халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
-
Марат Әзілханов «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің жастарымен кездесті
-
Университет ғылымын дамыту бойынша дөңгелек үстел
-
Көкшетауда Қайрат Баймолдинов ҚХА этномәдени бірлестіктері мен қоғамдық құрылымдарының басшыларымен кездесті
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
сегодня, 16:11
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
вчера, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
вчера, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
вчера, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ