Қазақстан халқы Ассамблеясы

06 Тамыз, 2022

201

Медиация күні Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде

2022 жылғы 5 тамызда Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық акциясы аясында Медиация күніне орай азаматтарға құқықтық, қаржылық және басқа да салаларда тегін кеңес беру бойынша Ашық есік күні өтті. Іс-шара халықтың құқықтық мәдениетін арттыру және құқық саласында кеңес беру арқылы азаматтарға қолдау көрсету мақсатында өткізілді.

Жыл сайын, 5 тамызда Қазақстанда медиация күні аталып өтеді. «ҚР Медиация туралы» Заңы 2011 жылы қабылданған болатын. Медиация жанжалды үшінші бейтарап тарап өкілдердің - медиаторлардың көмегімен сотқа дейін шешу тәсілдерінің бірі болып табылады. Медиаторлардың көмегімен дауласушы тараптар өзара тиімді шешімге жиі келіп жатады. Медиацияның негізгі қағидаттары – еріктілік, екі тараптың теңдігі, құпиялылық. Қазақстан халқы Ассамблеясы азаматтық қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайтуда маңызды рөл атқарып, этносаралық қатынастар саласында бірегей медиатор ретінде әрекет етіп келеді.


Іс-шараны ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ Республикалық Достық үйінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының басшысы Н. Альтекова ашып, барлық қатысушыларды Медиация күнімен құттықтады, қоғамда және ҚХА құрылымында медиацияның рөлі туралы айтып, іс-шараның қатысушыларын таныстырды.

Барлық кеңес алуға келген азаматтарға «Rahym» Әлеуметтік үйі» ҚҚ басшысы Б.Шералиева және осы қордың кәсіби медиаторлары Р.Тайжанов, К.Өтегенова, Г.Кабушева кеңес берді.


Тұрғын үй мәселелері, салық, алимент төлеу, сондай-ақ қаржы пирамидаларының қызметіне және т.б. сұрақтарға байланысты 21 адам кеңес алды, кеңестер сағат 10.00-ден 15.00-ге дейін өтті.

Айта кетсек, осыдан бір күн бұрын, 4 тамызда республикалық Достық үйінде «Парасат» медиация және құқық орталығының басшысы, кәсіби медиатор Г.Урозбаева этномәдени бірлестіктердің өкілдеріне арналған «Этносаралық жанжалдардың алдын алу және реттеу кезіндегі медиативтік тәсіл» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.


Кейін қарай