Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Сәуір, 2021

351

Медиация кеңесінің онлайн отырысы өтті

Кеше Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық медиация кеңесінің кезекті онлайн отырысы өтті.


Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің хатшысы Снежана Имашева, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА медиация институтының мәселелері жөніндегі үйлестіруші Вакиль Набиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі Ли Юрий, ҚР Жоғарғы Сотының судьясы, татуластыру рәсімдері жөніндегі үйлестіруші Ұлбосын Сүлейменова, «Дауды шешу және медиация институты» ЖМ директоры Пак Александр, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ-нің жобаларын іске асыру және құрылымдарымен жұмыс жасау басқармасының басшысы Талшын Италиева, кеңес модераторы ретінде ҚХА Республикалық Медиация кеңесінің төрайымы Наринэ Микаелян сондай-ақ ҚХА медиация кеңесінің мүшелері, кәсіби медиация орталықтарының басшылары қатысты.

Іс-шара барысында Қазақстандағы Ассамблея медиация институтын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, ҚР «Медиация туралы» Заңына ұсыныстар мен толықтырулар бойынша мәселелер қаралды. Соның ішінде, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың нақты стандартты міндеттерін белгілеу және «кәсіби емес» медиатор позициясын «қоғамдық» медиаторға алмастыру мәселесі көтерілді.

Жиын соңында ҚХА республикалық медиация кеңесінің жаңа құрамы бекітіліп ҚХА атынан Парламент Мәжілісінің депутаттары Вакиль Набиев және Ли Юрий енгізілді. ҚХА республикалық Медиация кеңесі төрағасының орынбасары болып Пак Александр, кеңес хатшысы болып Италиева Талшын сайланды.

Кейін қарай