Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Тамыз, 2022

306

Медиация кеңесінің отырысы

Ағымдағы жылдың 12 тамызында "Қоғамдық келісім" КММ ғимаратында Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясы жанындағы медиация Кеңесінің отырысы өтті.

Оның жұмысына мемлекеттік органдардың өкілдері, кәсіби және қоғамдық медиаторлар қатысты.

"Қоғамдық келісім" КММ басшысының орынбасары Айдын Раисов қазіргі қоғамдағы медиацияның рөлін атап өтті.

Медиация арқылы қақтығыс тараптары бір-бірінің шынайы қажеттіліктері мен мүдделерін естіп, түсінуге, келісімге қол жеткізуге мүмкіндік алады. Бүгін Ассамблеяға этносаралық қатынастар саласындағы жанжалды жағдайлардың алдын алуға және шешуге қатысатын кәсіби медиаторлар қажет.


ҚХАА жанындағы медиация кеңесінің жұмысы туралы есепті баяндамамен оның төрайымы Жәмила Нұржанова сөз сөйледі. Есептік кезеңде Кеңес мүшелерімен 35 түрлі форматтағы іс – шаралар, оның ішінде медиацияның Ашық есік күндері, конференциялар, дөңгелек үстелдер, семинарлар, "Үздік медиатор" конкурстары, еңбек ұжымдарында және оқу орындарында кездесулер өткізілді. Оған 1000-нан астам адам қатысты. Аталған іс- шаралардың барлығы этносаралық қатынастар саласындағы жанжалдардың алдын алуға, әлеуметтік шиеленісті төмендетуге және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыруға бағытталған.

Медиацияның білім беру кеңістігіндегі рөлі туралы ақпаратпен мектеп медиациясы бойынша сарапшы, кәсіби медиатор Бибігүл Көшекова сөз сөйледі.


Аталған тақырыпты талқылауға Ақмола облысы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Гаухар Нұрманова, медицина ғылымдарының кандидаты, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті құқық кафедрасының доценті Маржан Мырзаханова және т.б. қатысты.

Отырысқа қатысушылар облыстық Кеңес әдістемелік және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен пайдалана отырып, аудандық және қалалық медиаторларымен тығыз өзара іс-қимыл жасай отырып, медиация институтын одан әрі дамыту керек деген ортақ пікірге келді.

Кеңес мүшелері Ж.Д. Нұржановаға жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа төрайымы етіп – М. Н. Мырзаханованы сайлады.


Кейін қарай