Қазақстан халқы Ассамблеясы

02 Қыркүйек, 2021

2718

«Мемлекет басшысы қоғамдағы ең маңызды жайттарды қоғам болып, бірлесе шешуге шақырды»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауына орай, Assembly.kz сайтының тілшісі Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелерінің пікірін білді.

Қазақстан Республикасы «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Икрамжан Хашимжанов бұл жолы 30 жылдық Тәуелсіздік жылдары қол жеткізген басты табысымыз – ел бірлігі екені тағы бір нақтыланды дейді.

- Сан алуан ұлттың ортақ Отаны болған берекелі елімізде әр адамның ұлтына, тіліне, нәсіліне қарап кемсітуге жол берілмейтіні тағы да ескертілді. Елбасы, Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы негізін салған ырысты ынтымақ жолының дұрыс екендігін Қасым-Жомарт Кемелұлы тағы бір атап өтті.

30 жыл бойы жинақтаған мол тәжірибеміздің арқасында біздің қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатымыз әлемдік қауымдастық тарапынан оң бағаланып келеді. Кешегі жиында Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бірлігіміз – әралуандықта» деген басты қағидамыз ешқашан өзгермейді», - деді.

Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауды, этносаралық және конфессияаралық қарым-қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматымыз түсінуі қажеттілігіне тоқталды.

Бүгінде еліміздің үшінші мегаполисі саналатын Шымкент қаласы тұрғындарының 30 пайыздан астамын этнос өкілдері құрайды. Қаламызда этностардың тілі мен мәдениетін, салт-дәстүрін ұстануға, дәріптеуге, сақтауға лайықты жағдай жасалған. Бұл тұрғыда еліміз өркениетті елдерден озық тұратын парасатты саясат ұстанып отыр. Өз кезегінде барша этностар ассамблеяның берекелі шаңырағының астына жиылып, ел бірлігіне бағытталған ауқымды жоба-жоспарларды ұтымды іске асыруға және ең бастысы – мемлекет құраушы қазақ халқының маңайына топтасып отыр.

Жолдауда Мемлекет басшысы «Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала беретінін» қадап айтты. Болашағын Қазақстанмен байланыстыратын кез-келген азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру керектігін тағы бір ескертті. Конституция бойынша елімізде бір ғана мемлекеттік тіл бар екеніне тоқталды. Орыс тілінің қолданылуына шектеу болмайтынын атап өтті.

Этносараралық келісім мен сындарлы тіл саясатын жүргізуде Ассамблея рөлінің маңыздылығын меңзеді. Қоғамды ұйыстыру, ұлттық бірегейлікті нығайту ісінде еліміздің тарихи мұрасын және мәдени әлеуетін тиімді пайдалануға баса мән беруді жүктеді.

Жолдау қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясы ғимаратын ассамблея игілігіне беріледі деген жақсы жаңалықты естіп, төбеміз көкке жетіп отыр. Бұл Сіздің бізге көрсетіп отырған үлкен қолдауыңыз деп білеміз. Сонымен қатар, бүкіл қаладағы 17 этномәдени бірлестіктер мен оның жанындағы қоғамдық негіздегі ұйымдардың басын топтастыратын алтын шаңырақ, көпұлтты мегополис халқының бірлігі мен татулығын, тұрақтылығын одан әрі нығайтуға қызмет ететініне сенім білдіреміз. Түптеп келгенде – Мемлекет басшысы қоғамдағы ең маңызды жайттарды қоғам болып, бірлесе шешуге атсалысуға шақырды.

Пандемиядан кейін тұралап қалған экономиканы сауықтырудың жоспарын айқындады. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, экономиканы көтеру, білім беру, денсаулық сақтау, өңірлік саясатты жетілдіру, еңбек нарығын реттеу, адам құқығын қорғау, ұлтты ұйыстыру сынды сындарлы мәселелер мен оларды шешу жолдары тиянақты түсіндірді.

Алда атқарылар ауқымды істер нақтыланды. Үкімет пен жергілікті билік іске асыратын тірліктер талданды. Қазақстан ұстанған ырысты ынтамақ жолының дұрыс екені тағы да айтылып, берекелі бірлік жолы жалғасатыны хабарланды.

Жолдаудың түйіні – халықтың әл-ауқатын арттыруға арналған байсалды бес бастамасымен қорытындыланды. Әсіресе, төменгі жалақы деңгейін көтеру, бюджеттен қаржыландыратын мекеме қызметкерлерінің жалақысын жыл сайын арттыру және бірыңғай тұрғын үй бағдарламасын әзірлеу сынды Президенттік бастамалар баршамыздың көңілімізден шыққанының куәсі болып отырмыз.

Сөз соңында айтарым, биылғы Жолдауда айтылған тапсырмаларды жүйелі жүзеге асыру арқылы біз – қалың әлеуметтің әлеуетін жақсартамыз, деген ойдамын.

Жолдауға қолдау көрсету және оны нақты әрі сапалы орындау баршамызға ортақ міндет! Сондықтан Тәуелсіздік тойы қарсаңындағы Мемлекет басшысы айтқан барлық тапсырмаларды әр сала мамандары сапалы әрі нәтижелі орындағанда ғана біз ел жағдайының іс жүзінде жақсарғанының куәсі боламыз.

Лайым, ел жолында ұйысу – кемел келешеккке ұмтылу мақсатындағы барлық бастамаларымыз баянды болғай!

Қарағанды облысы "Суайчіннікі" беларус этномәдени бірлестігінің мүшесі Александра Асадчая Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауындағы қуантарлық жаңалық - ең төменгі жалақы 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өсетіні деп атап өтті.

- Аталған тапсырма 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске аспақ. Бірнеше сала өкілерінің алдағы 5 жылда жалақысын жыл сайын 20%-ға өсіру туралы тапсырмасы - еліміздегі 600 мыңнан аса қызметкерге қолдау болмақ.

Тәуелсіздік жылдарында айқын мақсатпен, жұдырықтай жұмылып, талай жетістіктерге жеттік. Қасым-Жомарт Кемелұлының кешегі Жолдауындағы барлық бағыттар мен тапсырмалар халықтың әлеуетін көтеру, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа қадамдарына жол ашып отыр. Мемлекетіміздің басты байлығы – Қазақстан халқы.

Ауыл шаруашылық саласын, денсаулық, білім, спорт, жаппай газдандыру, ауыз сумен қамтамасыз ету сынды мәселелерді шешуге нақты тапсырмалар берді. Энергия, экология, құқық қорғау саласын да назардан тыс қалдырмай, алдағы міндеттерді қадап айтты.

Соңғы кезде қоғамда талқыға айналған мемлекеттік тіл мәселесі - күн тәртібінің бастысы болды. Президентіміз «Болашағын Отанымызбен байланыстыратын әрбір азамат қазақ тілін үйренуге ден қоюға тиіс. Қазақ тілін дамыту мемлекеттік саясаттың басым бағытының бірі болып қала береді», деді. Өте дұрыс. Себебі мемлекетіміздің әр азаматы – Қазақ тілін меңгеруге тиіс. Бұл біздің елге деген, жерге деген құрметіміз. Өзге ұлт өкілі болсам да, қазақ тілін үйренуге деген құлшынысым зор. Қайда барсам да, қай салада болсам да мемлекеттік тілмен байланыстамын. Қазақ тілін оқу мен меңгеру – заман талабы.

Ойымды қорыта келе, біртұтас халқымыз үшін қоғамдағы бірлік пен келісімді сақтау аса маңызды, оны барлық азамат түсінуі қажет, дегім келеді.

Президентіміз айтқандай, Бірлігіміз- әралуандығымызда! Бізді алға жетелейтін асқақ армандар, межелі мақсаттар және татулығымыз!

Қоpқыт aтa aтындaғы Қызылоpдa Унивеpситетi «Филология» фaкультетiнiң студентi, «Aбaй қaзынaсынa сaяхaт» клубының жетекшiсi Еленa Пaк Пpезидент өз Жолдaуындa мемлекеттiк тiлге еpекше тоқтaлғaндығынa қуaнышты екенiн жеткiздi.

Мемлекет бaсшысы Қaсым-Жомapт Тоқaев өз Жолдaуындa ең бaсты құндылығымыз және бaйлығымыз қaзaқ тiлi екенiн aтaп өттi.

Тәуелсiз елiмiздiң еpтеңi – қaзaқ тiлiнде екенiн нaзapғa сaлып, «Мемлекеттiк тiлдi бiлу – Қaзaқстaнның әpбip aзaмaтының пapызы» дей келе болaшaғын Отaнымызбен бaйлaныстыpaтын әpбip aзaмaт қaзaқ тiлiн үйpенуге ден қоюғa тиiс екендiгiн aлғa тapтты.

Пpезидентiмiздiң Жолдaуындa aйтылғaн осындaй мaғынaлы ойлap жaстapды ғылым-бiлiм, тiл үйpенуге шaқыpып, көкжиегiн кеңейтiп, көкipек көзiн оятуғa жетелейдi.

Өз бaсым бiлiмге, қaзaқ тiлiн бiлуге деген құштapлығымның apқaсындa ұлaн-ғaйыp дaлaның теpеңнен тapтқaн тapихынa бойлaп, қaншaмa толымды туынды, жыp мapжaнымен сусындaп өстiм. Дapхaн дaлaның дaнaсы Aбaй өлеңдеpiне деген қызығушылығым мектеп қaбыpғaсындa жүpгенде оянды. Ойшыл aқын Aбaй Құнaнбaевтың беpеp өнегесiн бойымa сiңipiп келемiн. Қaзipгi күнi Ұлы aқынның тәpбиелiк apнaның қaйнap көзi жaтқaн 200-ге жуық өлеңi мен бip поэмaсын жaтқa бiлемiн. Бүгiнгi тaңдa тiл бiлiмiнiң қыp-сыpынa қaнығa түсуге ынтa жaсaп, болaшaқтa қaзaқ тiлiн жaс ұpпaққa үйpетсем деген ниетiм бap.

«Бipлiк-Единство» этномәдени қоғaмдық келiсiм бipлестiгiнiң төpaйымы Жұмa Нaфисa Жолдaу билiк пен бұқapa apaсындaғы тың өзгеpiстеpге бaстaмa болaды деп сенедi.

Жыл сaйынғы Жолдaудың ел дaмуы жолындaғы мaңыздылығы оpaсaн екенi aйтпaсa дa aйқын. Мемлекет бaсшысы Қaсым-Жомapт Тоқaев биылғы Жолдaуындa бipқaтap мәселелеpге тоқтaлып, кең көлемде түсiнiктеме беpiп өттi.

Биылғы Жолдaуды дa бiз, ұстaздap, жылы шыpaймен қaбыл aлдық. Педaгогтеpге бaйлaнысты Мемлекет бaсшысы: «Биыл қaңтapдaн бaстaп педaгогтеpдiң жaлaқысы 25 пaйызғa apтты. Aлдaғы үш жылдa бұл мaқсaтқa 1,2,тpлн теңге бaғыттaймыз», - дедi.

Бұл дегенмiз ұлт болaшaғын дaйындaудa еpен еpiктiлiк тaнытып, aлты aлaштың бaлaсын бiлiм нәpiмен сусындaтып жүpген ұстaздapды қолдaу деп бiлемiн.

Билiк пен бұқapa apaсындaғы тың өзгеpiстеpге бaстaмa болғaн Жолдaудaн күтеpiмiз көп, оpындaлуынa сенiмiмiз мол!

Қырғыз этномәдени орталығының төрағасы Шавкат Исмаилов бұл Жолдауда қадау-қадау мәселелер айтылды дейді.

– Президенттің бұл жолғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында қозғалған мәселелердің қатарында пандемия әкелген зардаптарға тоқталып өтіп, дәрігерлерге төлемақы ретінде тағы 150 миллиард теңге бөлу қажеттігін мәлімдеді. Бұл өте құптарлық іс деп санаймын.

Президенттің өзі Жолдауда ашық айтқандай, пандемия әкелген дағдарыс көп нәрсені үйретті. Мысалы, дәрігерлер еңбегін бағалау қажеттігі туындады. Себебі бұрын медицина қызметкерлері мемлекеттің назарынан тыс қалған еді. Мамандықтың маңызы материалдық көмекпен де анықталу керектігін бүгінгі өмір талабы ұғындырып отыр.

Бір атап өтерім, пандемия кезінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы мұқтаж жандарға қайырымдылық шараларын ұйымдастырып, оларды қажетті заттармен қамтамасыз ете білді. Жалпы, елордалық Ассамблея елдік мүддеге бағытталған істерді тиянақты орындау жөнінен ешқашан қалыс қалған емес. Сондықтан біз алдағы уақытта да ортақ мақасатты көздеген істерді ұйымшылдықпен атқара беретін боламыз.

Сонымен қатар Жолдауда экономика мен мемлекеттік секторды цифрландыру процесін қайта жүктеу міндеттері қойылды. Денсаулық сақтау мен білімге ерекше көңіл бөлінді.

Қасым-Жомарт Тоқаев 5 нақты бастаманы атап өтті. Оларды іске асыру халықтың әл-ауқатын жақсартуға мүмкіндік береді.

Ең төменгі жалақыны көтеру тұрмысы төмен топтың әл-ауқатына әсер етеді. Төрт жыл ішінде азаматтық қызметшілердің еңбекақысын 20 пайызға арттыру 600 мың қазақстандыққа әсер етеді. Президент Жолдауында мемлекеттік аппарат пен қоғамның бірігіп әрекет етуі қажеттігін атап өтті.

ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық Сенім кеңесінің мүшесі, Қарағанды облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілі Ләззат Қожахметова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын әдеттегідей зор ынтамен тыңдағанын айтады.

– Президент дәстүрлі түрде еліміздің өткен кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық ахуалына терең талдау жасап, қол жеткен табыстарымызға объективті баға берді һәм алда тұрған белестерді айқындады. Және мұның бәрін әлемде бүгін қалыптасып отырған күрделі жағдаймен, жаһанды жайлаған пандемияның залалымен байланыстыра отырып, бұдан шығудың неғұрлым оңтайлы жолдарын саралай көрсетті. Бірден бәріне тоқталу, әрине, мүмкін емес. Дегенмен, меніңше екі-үш маңызды мәселе телеэкран алдына жиналған көпшіліктің еңсесін бірсыпыра көтеріп тастағаны, рухани шабыт бергені анық дер едім.

Этносаралық қатынастар мәдениетін одан әрі дамыта, нығайта беру – біздің саясатымыздың басты қырларының бірі дей келе, Президент осы үрдісті көзіміздің қарашығындай сақтауымыз керек екендігіне салмақ сала айтты. Шынында да, бұл бүгін таңда күн тәртібінен еш түсіруге болмайтын мәселе. Бірақ осынау үрдістің өзегіне айналуға тиіс дүние – ол мемлекеттік тілді тиісті дәрежесіне көтеру ісін еш төмендетпеу екені белгілі. «Қазақ тілінде сөйлеу – отаншылдықтың басты белгісі», - деді Мемлекет басшысы. Бұл тұрғыда Қазақстан халқы Ассамблеясының алдында тұрған міндеттер де орасан зор және аталмыш институт сол міндеттерді жүзеге асыруда әлі де талай жұмыстар атқаруға тиіс екендігі орынды айтылды.

Баяндамашының тұжырымынша, Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Сол себепті де ел дамуының барлық саяси-экономикалық бағыттарының түпкі мақсаты халықтың әлеуметтік ахуалын барынша жақсарта беру. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлының алдағы жылдың бірінші қаңтарынан бастап ең төменгі жалақының көлемі 60 мың теңгеге жетеді, жалпы аз жалақы алатын мамандықтар иелерінің айлық табысы өсе түседі деген мәлімдемесі көрермендер тарапынан зор қанағаттанғандық сезіммен қабылданғаны хақ. Мұндай деректер ол кісінің баяндамасында аз болған жоқ.

Әрине, кейін экономист-сарапшылар, саясаткерлер, қоғамтанушылар Жолдау бойынша өз пікірлерімен бөлісе жатар, ғылыми пайымдарымен оның әр қырын тереңдете түсер, халық санасына сіңіруге барынша атсалысар. Бұл өзі солай болуға тиіс шаруа ғой. Алайда алғашқы әсеріміз – жаңа ғана тыңдаған Президент Жолдауы халықты куантқан маңызды құжат болды.

Қазақстан халқы ақмола ассамблеясының мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғосман Төлеғұл Президенттің әр сөзі жүрекке жылу беріп, ертеңіміз жарқын боларына сенімділік арттырады дейді.

– Бүгінгі таңда мемлекет пен халық алдында көптеген мәселелер тұрғаны шындық. Менің түсінігімше, халық игіліне жасалып жатқан жоспарлар мен жобаларға, мен өз елімнің азаматымын деген әр азамат, белсенділік таныта білуі, ат салысуы керек деп білемін. Ауызбірлік пен адал күш біріккенде ғана өмір мәнді болары ақиқат.

Соның ішіндегі тіл мәселесіне тоқталып өтті. Бәріміздің тілегіміз, тілдің өз тұғырына отырып қос тілді болып отырған 80% қазақтың азаматтарын сөйлету мәселесі екенін жасырмау керек. Ұлтын сүйген әр адам, өз халқына осындай саяси кедергі келтірмес еді деп білемін.Үлкен мәселе қылып ушықтырмай үйренуге толық мүмкіншілік бар. Ғылыммен білім саласындағы кемшіліктерді атап өтті. Әлі де үш аусымдағы мектептердің барлығы, сонымен бірге ең төменгі жалақы техникалық жұмысшылардікі болса, еңбек ақыларын көтеретінін айтып өтті. Мектеп оқулықтарының сапасын көтеру, оқушылардың білімін жоғарғы деңгейге көтеру үшін бар мүмкіндіктерді жасауды қатал тапсырды.

Сонымен бірге ұлт болашағы жастарымыз деп білетін болсақ, білімді жастардың шетелге кетуі, өз ана тілінен гөрі шетел тіліне әуестіктерінің мәселесіне тоқталып өтті. Себебі, ғылымның ақсап отырғандығын айта келе, өз биігінен көрсету жолында алға қойған жұмыстарды атқару керек деді.

Біз Ақмолалық Аналар Президентіміздің әр жобасының, бағдарламасының орындалуына ат салысамыз. Ел игілігіне арналған әр іс шара, ұлтымыздың ертеңгі жарқын болатындығының айғағы деп білеміз.

Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Күләш Рахымжанова бұл Жолдауда көптеген әлеуметтік-экономикалық мәселелер қозғалды дейді.

– Ел Президенті алдағы уақытта да кез келген сын-қатерге дайын болуымыз керектігін қадап айтты. Пандемиядан кейінгі экономикалық даму кезеңіне қатысты ой-тұжырымдарын жеткізген. Президент еліміздегі барлық стратегиялық бағыттарды нақтылап көрсетті. Дәл қазіргі уақытта халыққа вакцинацияның қаншалықты маңызды екенін ескертіп, екпе алуға қарсы үгіттеп жүргендердің жетегіне ермеуге шақырды.

Жалпы, барлық сала, көкейімізде жүрген барлық мәселе қамтылды. Мал шаруашылығы, цифрландыру технологиясы, мемлекеттік қызмет, білім беру мен денсаулық сақтау, инфрақұрылым, еңбек нарығы, әлеуметтік қолдау шаралары, адам құқығын қорғау, тағы басқа мәселелер Жолдаудан көрініс тапты.

Мемлекет басшысының айтқандары толығымен көңілге қонды. Жолдау жүктеген міндеттер орындалады деген сенімдемін.

Жамбыл аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақыт Сырлыбаев бұл Жолдаудағы зерделенген мәселелердің барлығы зерделі дейді.

– Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қадақстан халқына арналған жолдауында қазіргі уақыт жағдайында қоғам алдында тұрған өзекті мәселелер зерделенген. Жолдауда көрсетілген негізгі бағыттар мемлекеттің бұдан әрі нығаюын қамтамасыз етеді деген сенімдеміз. Қазір кез келген мемлекет өткен тәжірибені ой елегінен өткізуді қажет ететін және жаңаша ойлайтын уақытпен жүздесуде. Пандемияның салдарынан адамзат өмірі мен мемлекеттердің экономикасына туындап отырған қауіп-қатерлер жаңа міндеттерді жүктеуде. Соның бірі елдің қауіпсіздігін қорғауды, ғылымды күшейтетін, қоғамды нығайтатын бағдарламаларды жүзеге асыру болып табылады. Жолдауда зерделенген мәселелердің барлығы да өзекті. Экономика, табиғат байлығын, ауыз су қорын үнемдеу, медицинаны, орта және шағын бизнесті дамыту шыныменде ұлттың болашағы үшін ауадай қажет дүниелер. Бұның барлығының түйіні қай салада болмасын білім мен ғылымды дамыту арқылы жүзеге асатындығы анық. Осы саладағы барлық реформалардың жүзеге асуы қоғамның өзіне де байланысты деп айтқым келеді.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Сәрсембин Үмбетқан осы Жолдау арқылы еліміздегі көптеген сала дамиды дейді.

– Жаңа Жолдауда біраз маңызды мәселелер айтылды. Соның ішінде, Президентіміз жүз мыңнан астам жаңа ІТ-мамандарын даярлауды тапсырды. Ол дегеніміз, әсіресе, бүгінгідей індет белең алып тұрған тұста еліміздің мәдениет саласының бір бөлімі музей қызметкерлері мен т.б. салалардың дамуына зор септігін тигізбек. «Қасиетті Қазақстанның киелі жердерінің географиясы» жобасындағы мәдени мұралар мен тарихи ескерткіш, архитектуралық құндылықтарымызды өз халқымызға дәріптеп, жас буынға сіңіруде, шет жұртқа насихаттау, жүзеге асыру мақсатында киелі орындардағы орнатылған QR штрих-кодтарды, қазіргі жағдайға байланысты, іс-шаралар онлайн жүріп жатқан уақытта және музей қызметкерлерінің тарихи мұра, ескерткіштер мен нысандар туралы ақпаратты толық насихаттау үшін қажет. Осы ақпараттарды беру үшін ІТ - мамандар тапшылығы айқын сезіледі. Президентіміздің айтуынша, бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар ерекше назар аударуды қажет ететін бағыттардың бірі болып отыр. Сонымен қатар, 2022-2025 жылдары бюджеттен қаржыландыратын сала қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын 20 пайызға өсетінін айтты. «2020 жылдан бастап 600 мыңнан астам педагог пен дәрігердің, әлеуметтік сала қызметкерінің жалақысы өсті. Бірақ, бюджеттен қаржыландырылатын өзге сала азаматтары мұнан тыс қалды. Бұлар музей қызметкерлері, мұрағатшылар, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, қорықшылар, көлік жүргізушілері және басқалары. Сондықтан 2022 жылдан 2025 жылға дейін мемлекет осы санаттағы азаматтық қызметкерлердің жалақысын жыл сайын орта есеппен 20 пайызға өсіретін болады. Тұтастай алғанда , тағы 600 мың отандасымыз бұл бастаманың игілігін көреді», - деді Мемлекет басшысы. Әлеуметтік Жолдауында айтылғандай білім беру, мәдениет салаларында еңбек етіп жүрген мамандардың әлеуметтік мәселелеріне де көңіл бөліп, басып айтып көрсетті. Бұл - өте қуанарлық жағдай!

ҚХАА жанындағы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенді мүшесі Абуталипов Аслан Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында көп көптеген мәселерге көңіл бөліп, Үкіметтің алдында нақты мақсат пен міндеттер белгіледі дейді.

- Негізгі бағыттардың бірі ел экономикасын дамытуда жаңа инновациялық тәсілдерді қолдану және саланың жұмыс істеп тұрған салаларына тікелей инвестициялар тарту болып табылады.

Күрделі эпидемиологиялық жағдай жағдайында жұмыс орындарын сақтап, шағын және орта бизнес секторын қолдау мүмкін болды. Бизнестің Жол картасын әзірлеу мен іске асыру және осы бағдарламаның мерзімдерін 2022 жылға дейін ұзарту қуантады, бұл бизнестің нақты секторларының қарқыны мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жолдауда тиімді бюджеттік жоспарлау және бюджет қаражатын игеру мәселесіне көп көңіл бөлінеді. Өнеркәсіп, қорғаныс өнеркәсібі және АӨК салаларында заң жобаларын уақтылы енгізу осы секторларды жетілдіруге мүмкіндік береді. Президент Ауыл шаруашылығын қолдауға гранттар, субсидиялар бөлу және осы секторға нақты инвестициялар енгізу арқылы ауылдық жерлерді қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Жоғарыда көрсетілгендермен қатар шағын және орта шаруа қожалықтарын субсидиялауға қол жеткізуге үлкен көңіл бөлінеді, осыған байланысты бейінді министрліктерге бірқатар маңызды тапсырмалар берілді. IT-саласын дамытуға, нақты мемлекеттік секторды жаңғырту мен терең цифрландыруға, қашықтықтан онлайн форматта халыққа мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігіне көп көңіл бөлінеді.

Мемлекет басшысы Жолдауда әлеуметтік нысандар салу қажеттігін ерекше атап өтті. Мәселен, жақын арада ғана 1000 мектеп салу және пайдалануға беру жоспарлануда, бұл білім беру сапасына тікелей әсер етеді. Жолдауда мемлекетіміздің басты құндылығы-этносаралық және конфессияаралық келісім туралы бірнеше рет айтылды.

Жолдауда әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлінеді. Нақты және уақтылы шешімдердің бірі келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 60 мың теңгеге дейін ұлғайту болып табылады, бұл өз кезегінде мемлекет экономикасына оң әсер етеді. Президент қысқа мерзімді перспективада өте салмақты, нақты және уақтылы мақсаттар қойды. Барлық реформалар мен міндеттерге қол жеткізілетініне және жетекші елдердің әлемдік рейтингіндегі елдің позициясын нығайтатынына сенімдімін.

Кейін қарай