Қазақстан халқы Ассамблеясы

23 Қыркүйек, 2021

641

«Мен қазақша сөйлеймін» акциясы

Тілдер апталығы аясында 21 қыркүйек күні Достық үйінің алдындағы алаңда Солтүстік Қазақстан облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы мен СҚО мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасы бірлесе ұйымдастырған «Мен қазақша сөйлеймін» акциясы өткізілді.


Аталған акция облыс тұрғындары арасында мемлекеттік тілді үйренуді насихаттауға бағытталған.

Акция аясында қазақ тілін білуге арналған викторина ұйымдастырылып, оның барысында сұрақтарға жауап берген көрермендер тәтті сыйлықтармен және мемлекеттік тілді үйренуге арналған оқу-әдістемелік құралдармен марапатталды.


Сонымен қатар, Петропавл қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін облыстық филармония әртістерінің қатысуымен мерекелік концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.


Акция барысында волонтерлер қала тұрғындарына қазақ тілін, мәдениеті мен тарихын оқуға бағытталған кітаптар, журналдар мен оқу-әдістемелік құралдарды таратты.

Аталмыш акция дәстүрлі және біздің өңір жұртшылығы арасында оң әсер етеді.

Кейін қарай