Қазақстан халқы Ассамблеясы

15 Желтоқсан, 2020

848

«Менің туған өлкем» I республикалық байқауы қорытындыланды

Елорда Достық үйінде онлайн негізінде Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Менің туған өлкем» I республикалық байқауын қорытындылауға арналған марапаттау рәсімі онлайн түрде өткізілді.

Байқау мақсаты-«Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында жаңа буынды патриоттық рухта тәрбиелеу, олардың туған жеріне деген мақтаныш сезімін ұялату және ауылдың мәдени-тарихи мұраларын көздің қарашығындай сақтап қалу.

Байқау талабы бойынша, «Менің ауылымның тарихы», «Аға буын өкілдері» және «Менің арманымдағы ауыл – болашақ ауылы» атты 3 номинацияға сәйкес, республика аймақтарынан 100-ге жуық өтінім келіп түсті.

Байқау маңызына жан-жақты тоқталып өткен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Л.С. Құсайынова баршаны еліміздің Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жылы лебізін білдірді: «Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Біздің бірлігіміз бен ынтымағымыз нәтижесінде еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы артып, іргелі жетістіктерге қол жеткізіп келеміз. Сондықтан біз бұл ізгі құндылықты бағалай білуіміз керек.

Қазіргі кезде еліміздегі түрлі саладағы жетістіктер осы беркелі тірлігіміздің арқасында өз жалғасын тауып отыр. Соның бірі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы екендігі ақиқат. Осы бағдарламаға негізделген бұл байқау Тәуелсіздік қарсаңында өз жеңімпаздарын айқындап, оларға лайықты құрмет көрсетілді. Ендеше, барлық қазақстандықтарға береке мен игі жетістіктер тілеймін»,-деді Л.С. Құсайынова.

«Менің ауылымның тарихы» номинациясы бойынша: 1 орын - Момот Татьяна Георгиевна (Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Төңкеріс ауылы),2 орын - Ботбаева Ұлжан Ұлдаханқызы (Алматы облысы, Текелі қаласы), 3 орын - Хамитова Люция Рифхатовна (Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауданыны);

«Аға буын өкілдері» номинациясы бойынша: 1 орын - Оңғарова Мария Сабырқызы (Атырау облысы, Жылыой ауданы, Тұрғызба ауылы), 2 орын - Мұхамбаева Жүзім Айдосқызы (Ақмола облысы, Астрахан ауданы), 3 орын - Абуталибов Аслан Батталұлы (Ақмола облысы, Көкшетау қаласы);

«Менің арманымдағы ауыл-болашақ ауылы» номинациясы бойынша: 1 орын - Воловик Ирина Ивановна (Нұр-Сұлтан қаласы), 2 орын - Оразова Әсем Жасарбайқызы (Қостанай қаласы), 3 орын - Коробова Анна Владимировна (Алматы облысы, Панфилов ауданы).

Байқау қорытындысына сәйкес, әр өңірдің жеңімпаздарына тағайындалған бағалы сыйлықтар өз иелеріне пошта арқылы жөнелтіледі. Сонымен қатар, барлық қатысушылар ұйымдастырушылар дайындаған арнайы сертификатпен марапатталды.


Кейін қарай