Қазақстан халқы Ассамблеясы

14 Маусым, 2021

504

Нұр-Сұлтанда «Алтын күн» балалардың IV патриоттық әндер фестивалі өтті

Елордадағы «Оқушылар сарайы» ғимаратында «Алтын күн» балалардың IV патриоттық әндер фестивалі өткізілді.

Шараны Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы ұйымдастырды. Іс-шара мақсаты – жастарды елжандылыққа баулып, оларды патриоттық рухта тәрбиелеу, дарынды балаларды анықтап және оларды қолдау, талантты жастардың шығармашылығын дамыту және патриоттық ән жанрын кеңінен насихаттау. Фестиваль талабына сәйкес, қатысушы талапкерлер белгілі бір жас санаттары бойынша (6 жастан 10 жасқа дейін; 11 жастан 13 жасқа дейін; 14 жастан 16 жасқа дейін) алдын ала іріктелінді.

Жалпы фестиваль «Тәуелсіз елдің ұрпағымыз», «Әлем балалар көзімен» тақырыбы бойынша өткізілді.

Әділқазылар қортындысы бойынша 6-10 жас аралығында Эвелина Образцова (1 орын), «Наз тобы» вокалдық тобы (2 орын), «Туған жер» вокалдық ансамбль (3 орын) жүлделі орындарға ие болды.

11-13 жас аралығында Замира Сагинбаева, Мөлдір Калламулаева, Асылжан Қыдырниязовтар өзара 1-3 орындарды бөлісті. Ал 14-16 жас аралығындағы жеңімпаздардың есімі мыналар - «Ару» триосы, Диас Есенғали, Жансу Даулетбай.

Фестивальге Нұр-Сұлтан қаласының этномәдени бірлестіктерінің көркемдік ұжымдарының мүшелері, жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысып, топ жарған жүйріктер арнайы бағалы сыйлықтармен марапатталды. Атап өту керек, бұл фестиваль тұрақты түрде жыл сайын өткізіліп келеді.


Кейін қарай