Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Тамыз, 2016

1802

Өнер мен мәдениет – достық дәнекері

Достық үйінде Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясының қолдауымен «Бари» армян  мәдени орталығы»  қоғамдық  бірлестігі республикалық  фестивалін  өткізді.

Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, БАҚ мен жастар қауымы қатысты.

Салтанатты шараны Ақмола облысының Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі  Марал Жақыпова  өз сөзінде барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, өнер ұлтқа бөлінбейтінін айтты. Ал  Қазақстан Республикасының төтенше және уәкілетті елшісі Ара Саакян  әр ұлттың өзіне ғана тән ерекшелігі  болатынын айтып, армян халқының   мәдениетімен таныстырып өтті.  Армян этномәдени  бірлестігінің өкілі Саак Салумян осындай шаралар ұлтаралық достықты нығайтып, ұлттық құндылықтарды сақтауға игі әсер ететінін жеткізді. 

Фестиваль барысында  өнерпаздар  армян халқының  әуезді әндерін  шырқап, ұлттық билерін биледі. Сонымен қатар, Астана, Петропавл, Қостанай, Қарағанды қалаларынан келген жас дарындар мен шығармашылық ұжымдар аталмыш фестивальда   өз шеберліктерін  жоғары деңгейде көрсетті.  

Шара ұйымдастырушылары өз ұлтының озық өнерін, парасатты мәдениетін көрсеткен өнерпаздар халқының бойындағы барша дарынды саф алтындай жарқыратып көрсете білді. . Негізінде «өнер – достық дәнекері» деп тегін айтылмаса керек Өзге тілде шырқалғанымен барынша ұғынықты, нәзік сезімнің тамшылары көкірегіңдегі тәнтілікті туындататын тамаша әндер өне бойды қорғасындай балқытып разы етті.Концерттік шарада мың бұрала биленген билер де өзіндік өрнек нақышымен, ішкі мазмұн-мағынасымен көпшілік көңілінен шықты. Шара соңында Қазақстан халқы Ақмола ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Зере Қиықова  «Бари» армян мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Рузанна Дегоянға   ұлттар арасындағы достықтың белгісі ретінде  ақ орамалды тақты.

Назгүл РАБИЛОВА.

Арқа ажары газетінің материалдары бойынша

Кейін қарай