Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қараша, 2022

354

Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық отырысы өтті

2022 жылғы 24 қарашада Астана қаласында ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары Л.А.Прокопенко, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Г.Н. Шойкиннің қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің республикалық отырысы өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Қоғамдық келісім» РММ болып табылады.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, өңірлік Қоғамдық келісім кеңестерінің, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, өңірлердегі ішкі саясат басқармаларының қызметкерлері қатысты.


Отырыста Қоғамдық келісім кеңестерінің ағымдағы жылғы жұмысы туралы есептер тыңдалды. Кеңестердің ең белсенді мүшелері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Алғыс» медалімен және алғыс хаттарымен марапатталды.



Анықтама үшін: Қазақстан халқы Ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестері-этносаралық келісімді қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға, шешімдер әзірлеуге және қабылдауға арналған ерекше қоғамдық талқылау алаңы болып табылады. Республикада Қазақстан халқы Ассамблеясының 1925 қоғамдық келісім кеңесі жұмыс істейді. Әр деңгейдегі қоғамдық келісім кеңестері мүшелерінің жалпы саны 15000 адамды құрайды.

Кейін қарай