Қазақстан халқы Ассамблеясы

13 Шілде, 2022

187

Қоғамдық келісім- тұрақтылықтың кепілі!

Еліміздегі этносаралық қатынастар мәселесі мемлекеттің ұдайы күн тәртібінен түспейтін, оған үнемі ерекше көңіл бөлетін салалардың бірі болып табылады. Әсіресе, соңғы жылдары орын алған Қордайдағы жағдай мен қаңтар оқиғасы, сондай-ақ, қалыптасқан әлемдік және аймақтық геосаяси ахуал бұл саладағы қызметтің кейбір тұстары мен тәсілдерін қайта қарау мен жаңартуға итермелейді.

Қазақстанда этносаралық сала мәселелерінде деструктивті бетбұрыс жасауға құштар күштер бар екенін естен шығармауымыз керек. Ішкі этносаралық мәселелерге «сырттан араласу» мүмкіндігін де жоққа шығаруға болмайды, себебі, оны көбінесе сыртқы ойыншылар өршітуге тырысады.

Қоғамды топтастыру, елдегі барлық этностардың Қазақстанда бәрі тең және бір елдің азаматы екенін түсінуге ықпал ету, сондай-ақ, ынтымақтастық мәселелерінде елдегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға барлығы жауапты болуы керек деп білемін.

Қоғамдық келісім мен бірлікті қамтамасыз ету басымдық болып табылатын көпэтносты қоғамның топтастырушы моделін құрудағы қазақстандық тәжірибе мемлекеттік ұлттық саясаттың жемісті нәтижесі деп бағалаймын.


«Күшіміз көптүрлілікте» деп Президент Тоқаев Қ.К. өз жолдауында көпэтносты мемлекетіміздің даму болашағын айқындаған еді. Ұлттық бірегейлікті нығайту, жастардың бойына адамгершілік құндылықтарды сіңіру, бірлігіміздің тұғыры болып табылатын құндылықтарды насихаттау азаматтық қоғам институттары әсіресе этномәдени бірлестіктер үшін басты бағыт болып қала береді.

Этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді қамтитын жұмыстың маңыздылығы күн санап артқаны сөзсіз. Әр аймақта болып жатқан этносаралық ахуалға талдау жасап, лайықты баға беруіміз ерекше маңызға ие. Өз құзыреттіліктеріміздің шеңберіңде әрдайым даулы мәселелерді ушықтырамай, жергілікті жерде реттеуге әрекет етеміз. Дәл осы тұста, «Қоғамдық келісім» мекемелері мен Достық үйлері негізгі рөлін атқарып, кез келген этностың мүддесіне нұқсан келтірмей, қалыптасқан ахуал бойынша уақытында, сапалы жұмысын орындап жатқанын атап өткім келеді.

Оның үстіне, қоғамда этносаралық дау-дамайлар туралы ақпарат өте жылдам таралады және де ол жиі бұрмаланып, орын алған оқиғаның шынайы себептері мен жай-жапсары анықталмастан, оған этникалық реңк беріп жатады. Көп жағдайда, оның негізгі себебі ақпараттық тапшылықта болуы мүмкін. Сондықтан мұндай мәселелерді реттеу кезінде дау-дамайлардың өзіне емес, олардың негізгі субъектілері мен себептеріне тоқталған жөн деп білемін.

Сондай-ақ, этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді ұзақ уақыт жасырын түрде ұстау немесе ескерусіз күйде қалдыру, керісінше, олардың шиеленісуіне ықпал ететінін естен шығармаған жөн.

Этносаралық саясатты оңтайландыруда этномәдени бірлестіктердің басшыларымен тиімді ынтымақтастық орнату және олардың жұмысын көрсету маңызды; этномәдени бірлестіктермен жұмыс жасау үшін әлеуметтік маңызы бар идеологиялық, мәдени-ағартушылық, тәрбиелік жобаларды жүзеге асыру керек.

Еліміздегі этносаралық саясатта қазақстандық патриотизмнің негізінде этносаралық татулық пен келісімді сақтау жолында жасап жатқан барлық әріптестерімнің жұмысын жоғары бағалаймын. Қазақстандық бірегейлік жолында жасайтын жұмысымыз берекелі болатынына сенімдімін!

Асилов А.М.,

«Қоғамдық келісім» РММ Этномәдени бірлестіктермен өзара қатынас жөніндегі басқарманың басшысы


Кейін қарай