Қазақстан халқы Ассамблеясы

07 Қыркүйек, 2022

264

Оңтүстік Кореядан басталған автошеру Атырауға келді

Оңтүстік Кореядан басталған автошеру қатысушылары Атырауға жетіп, қыркүйектің 5-і күні Достық үйіне аялдады. Қатысушыларды құшақ жая қарсы алған ҚХА этномәдени бірлестіктің өкілдері мен Достық үйінің ұжымы қонақтарға қазақтың ұлттық тағамынан дәм ұсынып, қонақжайлық танытты. Халықтар арасындағы достық пен татулықты насихаттауды мақсат еткен автошерушілер Ресей, Испания, Түркия, Грузияны аралап, 32 мың шақырым жол жүрген соң Қазақстанға жетті.

Екі ел арасындағы татулық пен бірлікті паш еткен қонақтарымызға «Тхоньил» кәріс этномәдени бірлестігінің шығармашылық ұжымы өз өнерлерін көрсетіп, баршаға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

– «Шеруді төрт ай бұрын 4 маусымда бастадық. Кореядан жеті көлікпен шықтық. Мақсатымыз – 41 мың шақырым жол жүріп, ел көру. Қазақстан – өте қонақжай ел, қазақ жерінің байтақ, керемет екенін көріп, халқының қонаққа деген ілтипатын сезіндік. Біз шерудің жылсайын дәстүрлі өткенін қалаймыз»,-деді автошеру қатысушы Пак Чжун Гонг.


Кейін қарай