Қазақстан халқы Ассамблеясы

21 Қараша, 2016

1048

Облыстық патриоттар форумы өтті

Бүгін «Мұз айдыны» кешенінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Болашағымыз бірлікте» атты облыстық патриоттар форумы болып өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасы, облыстық «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов, қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдары, жалпы  3000 мыңнан аса адам қатысты.

Форумның негізгі мақсаты Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бостандық», «Бірлік», «Бейбітшілік» сынды негізгі құндылықтарды нығайту, жастардың патриоттық сана-сезімі мен азаматтық белсенділігін арттыру болып табылады.

Іс-шарада облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов форумға қатысушыларды ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтай келе, белгіленген номинациялар бойынша елге еңбегі сіңген бірқатар азаматтарды марапаттады. Соның ішінде «Қызылорда кәрістер қауымдастығы» облыстық филиалы төрағасының орынбасары Шин Вилорий Николаевич «Қазақстан патриоты» номинациясының иегері атанды.

Вилорий Шин өз кезегінде форумды ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, жастарға жүрегінен шыққан жылы лебізін жеткізді. «Біз қазір жүздеген этнос өкілдері бас қосқан елміз. Арамызда орыс та, неміс те, шешен де бәрі бар. Біздерді бір тағдыр түйістірді. Бір шаңырақтың астында бірге түтін түтетіп жатқаннан кейін бізге қазақ пен қазақтың да, қазақ пен басқа отандастарымыз арасында да достық өте қажет. Мұнсыз елдің ертеңін, жарқын болашақты елестету қиын. Қазақ елінің бүгінгі тізгінін ұстап отырған Елбасымыз да «Бір болайық. Бір болмасақ, тоз-тозымыз шығып, елдіктен айырыламыз» дегенді жиі қайталайды. Ел алдында тұрған жарқын мақсатқа ел бірлігін сақтай отырып қана жететінімізді ұдайы ескертіп келеді. Халықтың сөзіне қарағанда бақ дегенің кез келген жерге табан тірей бермейтін көрінеді. Ынтымақ, ауызбіршілік, жарасымдылық ұялаған жерге барып қонақтайды. Сол бақ қазір Қазақ елінде. Осы бақты сақтау үшін біз бәріміз бірлігімізге бекем болайық»,– деді.

Жастар «Бір тағдыр! Бір Елбасы!» деп ұрандатқан патриоттық форум Сыр өнерпаздарының концертіне ұласты.

Облыстық Қазақстан халқы

ассамблеясының баспасөз қызметі.

Кейін қарай