Қазақстан халқы Ассамблеясы

05 Сәуір, 2021

535

Оралда ҚХА еріктілері 30 отбасыға көмек көрсетті

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткізіліп жатқан «30 игі іс» қайырымдылық акциясына Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы ассамблеясы «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы да қатысты.

Олар Орал қаласындағы 30 көпбалалы аналар мен мұқтаж отбасыға 30 келіден астам азық-түлік себеттерін таратып шықты.

- Мұндай акциялар әлі де жалғасады. Қиын жағдайға тап болған адамдарға демеу көрсету барлығымыздың азаматтық борышымыз. Еріктілер үшін ел ризашылығынан артық сый жоқ, - дейді БҚО ҚХА «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы Дулат Мақатов.

Акцияға 20-ға жуық ерікті қатысты. Азық-түлік себеттерін отбасыларға «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының еріктілері мен қала тұрғындары жеткізді. Іс-шара барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтті.




Кейін қарай