28 Қыркүйек, 2021
448
Ортақ тарих – тұрақтылық пен бірліктің маңызды факторы
28 қыркүйек күні Шымкент қаласының өзбек драма театрында Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов өзбек этносының зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
«Қазақ пен өзбек халқын ортақ тарихи тамырластықпен қатар, мәдени-рухани құндылықтардың, тіліміз бен салт-дәстүрлеріміздің ұқсастығы біріктіреді. Ал қазақстандық өзбектер – Қазақстан халқының ажырамас бөлігі, еліміздің тең құқықты азаматтары» деп атап өтті М.Әзілханов.
Ауылы аралас, қойы қоралас екі бауырлас халықтың тарихи тамырластығы және тілдері мен мәдениеттерінің жақындығы – елдегі тұрақтылықты сақтау мен біртұтас азаматтық бірегейлікті қалыптастырудың маңызды факторы.
Шымкентте тұратын өзбек этносының өкілдері қала халқының 17,5 пайызын құрайды. Қалада өзбек тілінде оқытатын төрт мектеп, 32 аралас мектеп бар.
Шымкент қаласында Өзбек драма театры жұмыс істейді. Бұл – Өзбекстаннан тыс жерде ашылған әлемдегі жалғыз өзбек драма театры. Театр өзбек мәдениетінің дамуына ғана емес, жалпы қазақстандық бірегейліктің нығаюына да өз үлесін қосуда. 18 жыл ішінде театрда 100-ден астам қойылым сахналанды, олардың қатарында М.Әуезовтің «Абай», Ш. Айтматовтың «Шыңғысханның ақ бұлты», А. Оразбековтың «Жалғыз алма ағашы», С. Досановтың «Қасқыр ұлыған түн» шығармалары бар.
ҚХА Төрағасының орынбасары Шымкент қаласы тұрғындарының қазақстандық азаматтық бірегейлігін нығайту, этносаралық өзара іс-қимылдың кең коммуникациялық алаңдарын қалыптастыру бағытында нысаналы және бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Қазақстандық өзбектер Өзбек этномәдени орталықтарының «Дустлик» қауымдастығына біріктірілгенін атап өткен жөн. Ол Қазақстанның облыстары мен қалаларының этномәдени орталықтарын біріктіреді. Елдегі өзбек этномәдени бірлестіктерінің саны 35-ке жетті.
«Дустлик» қауымдастығы өзбек этносының өкілдерін қазақстандық қоғамға біріктірудегі, оларды Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту процесіне тарту жөніндегі миссияны жоғары деңгейде орындап келеді, Қазақстанның көпэтносты халқының құрылымында өзбек этносының айрықша орнын қамтамасыз етеді.
Ұқсас жаңалықтар
-
Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды кездесулер
-
«Музей мейірімді жүрекпен» атты қайырымдылық әлеуметтік акциясы өтті
-
ҚХА МҮШЕСІ, ӘЛЕМДІК РЕКОРДШЫ, ҚАЗАҚ ПАЛУАНЫ СЕРҒАЗЫ БАТЫР: СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН!
-
Бірлік пен ынтымақтастық
-
«Әркім маңызды сұрақтарға жауап таба алады»: Алматы сарапшылары Мемлекет басшысының сұхбаты туралы
-
Павлодарда Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты XXVII сессиясы өтті
19 Сәуір, 21:38
Қазақстан Республикасының «Дустлик» өзбек этномәдени бірлестіктерінің қауымдастығы Петропавл қаласына гуманитарлық көмек жіберді
вчера, 10:21
Мемлекет басшысының өкімдерімен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары тағайындалды
вчера, 17:41
Мемлекет басшысы ҚХА Төрағасының орынбасарларын қабылдады
вчера, 11:50
БІРЛІК ЖҮГІРІСІ
вчера, 11:47
ШЫМКЕНТ Қ. ҚХА МҮШЕЛЕРІ 25 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРДІ
Ұқсас жаңалықтар
-
Наурыз мейрамы қарсаңындағы маңызды кездесулер
-
«Музей мейірімді жүрекпен» атты қайырымдылық әлеуметтік акциясы өтті
-
ҚХА МҮШЕСІ, ӘЛЕМДІК РЕКОРДШЫ, ҚАЗАҚ ПАЛУАНЫ СЕРҒАЗЫ БАТЫР: СӨЗБЕН ЕМЕС, ІСПЕН!
-
Бірлік пен ынтымақтастық
-
«Әркім маңызды сұрақтарға жауап таба алады»: Алматы сарапшылары Мемлекет басшысының сұхбаты туралы
-
Павлодарда Қазақстан халқы Ассамблеясының "Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму" атты XXVII сессиясы өтті