Қазақстан халқы Ассамблеясы

17 Тамыз, 2022

210

Қостанай қаласында “4 стихия" республикалық корей мәдениетінің фестивалі болып өтті

Аталған іс-шараны Қостанай облысының корей қауымдастығы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен ұйымдастырған болатын. Бастамашылардың айтуынша, фестивальдің басты мақсаты - жастардың Корей мәдениетін зерттеуге құштарлығын ояту.


"4 стихияға" Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Павлодар, Петропавл және Рудный қалаларынан қатысты. Екі күн бойы олар түрлі қызықты әрі танымдық алаңдарға барды. Осылайша, жер стихиясында денсаулыққа пайдалы тағам дайындау бойынша мастер-класс, су стихиясында – TһermaPark-қа саяхат, ауа стихиясында - корейлердің Қазақстанда тұруының 85-жылдығына және Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30-жылдығына арналған "Корейлердің Қазақстанның дамуына қосқан үлесі” халықаралық конференциясы ұйымдастырылды. Стихиялардың ішінде көрермендердің назарын аулаған ең жарқын және қызығы - от стихиясы ұсынған "Солтүстік Кубогы: K-popidol.kst 2022» кавер-хореография байқауы болды. 9 команда қатысқан сайыста, қазылар алқасының шешімі бойынша, Қостанай қаласының командасы – "Sky" тобы үздік атанды. Барлық командаларға корей қауымдастығы мен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының атынан естелік сыйлықтар табысталды.


Кейін қарай