Қазақстан халқы Ассамблеясы

22 Сәуір, 2020

1320

Қостанай: Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған онлайн-конференция

Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған онлайн-конференцияға қатысуға шақырады.

Сіздер үшін тікелей эфирде еліміздің спикерлері өз баяндамаларын оқитын болады. Олар Қазақстан халқы Ассамблеясының жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудегі рөлі туралы ақпаратпен бөліседі, ал жастар жағы бейбітшілік пен келісімнің моделі туралы пікірлерін ортаға салады. Баяндамалардан кейін онлайн форматта өтетін зияткерлік ойынға қатысып, ұлтаралық келісім саласының үздік білімпазы атануға болады.

Конференция 23 сәуірде өтеді, басталу уақыты - 11.00. ZOOM қосымшасындағы конференция идентификаторы - 747 9368 2498, кіру паролі (құпия сөз) - 002686.

Үйде, тікелей эфирде бізбен бірге болыңыз!

Кейін қарай