Қазақстан халқы Ассамблеясы

04 Ақпан, 2020

2431

Қостанай: Облыстық сібір казактары Аналар күнін атап өтті

Қостанай облыстық сібір казактарының қауымдастығы бесінші жыл қатарынан Аналар күнін атап өтуде.



Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, түрік соғысында тоғыз мың татар мен түрік Наур ауылын басып алған. Жорыққа шыққан казактар әлі оралмаған болатын, үйде тек қариялар, әйелдер мен балалар ғана қалған еді. Олар қолдарына қару алып, жауға қарсы шықты. Бір күнгі шайқастан кейін дұшпандар кері шегінуге мәжбүр болған. Наур ауылының әйел-аналары сөйтіп құрметке ие болды. Содан бері «Казак Ана күні» мерекесі аталып өтуде. Жергілікті сібір казактары бұл мерекені бесінші рет атап өтуде.

«Эребуни армян бірлестігі ұйымдастыратын «Аналар күніне» қатысып, ерекше әсерге бөлендім, сондықтан қауымдастықтың белсенді мүшелеріне «Аналар күнін» ұйымдастыру жөнінде ұсыныс білдірдім. Олар мені қолдады», - дейді қауымдастықтың төрағасы, атаман Олег Шилов.

Олег Геннадьевичтің айтуынша, казак халқының ерлері әйелдерге тиісті деңгейде назар аудара бермеген. Отбасында ұл баланың дүниеге келуі нағыз мереке болып саналса, қыз бала туса оны «болашақ ана» деп, оны кесте тігуге, қайықта жүзуге, садақ атуға үйреткен, бойжеткендерді қажет болған жағдайда қаймықпастан туған жерін қорғауға дайын тұратын азаматша ретінде тәрбиелеген. Қазірде казак әйелдерінің орны бөлек, алайда олар үшін жұбайының сөзі – осы күнге дейін «заң».


Іс-шара аспаздық байқаудан басталды. Әйел-аналар, арулар дәмі тіл үйірер тағамдар дайындаған. «Бәліш – казак халқының дәстүрлі тағамы. Казак халқының дастарқанына көбіне балықтан жасалған тағамдар, каравайлар, кепкен жемістер қосылған бәліштер қойылады», - дейді іс-шара қатысушысы Наталья Цыс.Барлық қатысушылар тағамдардан дәм татып, хош иісті шай ішті, ойын ойнады. Арулар жүгіріп жүрген балаларды қуып жетіп, оларды ботқамен тамақтандырды. Іс-шара барысында садақ атудан жарыс ұйымдастырылды, себебі, әрбір казак мерген болуы тиіс. Мереке соңына қарай барлық қатысушыларға сыйлықтар табыс етілді.

Кейін қарай