Қазақстан халқы Ассамблеясы

01 Наурыз, 2022

334

Қостанайда А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына орай жастар квесті ұйымдастырылды

Қостанай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойын атап өтуді жастар квестімен бастады.

Квест-ойынға ЖОО студенттері, ЭМБ жастары, «Jas Otan» жастар қанаты мүшелерінен құралған 7 топ қатысты. Жарыста ақын өмірінің әртүрлі кезеңдерінен сұрақтар қойылды. Дұрыс жауап бергендерге қатарында Ахмет Байтұрсыновтың танымал көзілдірігі, өзі «жан досым» деп атаған қауырсын қаламы мен, сүйікті жарының ақ орамалы бар артефакттар берілді.

Жарыс қорытындысы бойынша I орын Ш. Қабылбаев атындағы ІІМ академиясының жастарына бұйырды. Жүлдеге ілінген командаларға Ахмет Байтұрсыновтың суреті бар сөмкелер, жеңіл жейделер табыс етілді.

Кейін қарай