Қазақстан халқы Ассамблеясы

24 Қыркүйек, 2020

1177

Қостанайда қарияларға құрмет көрсетілді

Қостанайда Корей қауымдастығы аға буын өкілдерін келе жатқан Қарттар күнімен құттықтады. Былтыр аталмыш мереке чхусок-күзгі жиын-терін мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен қос мереке қатар тойланып, қарияларға дастарқан жайылып, концерт ұйымдастырылған болатын. Карантинге байланысты биылғы іс-шара тар ауқымда өтті.


«Қандай жағдай болмасын, біз аға буын өкілдерін назардан тыс қалдырмаймыз, оларға құрмет көрсету – парызымыз. Корей және қазақ халқы қарияларды ерекше қадірлейді. Ата-әжелерімізге қамқорлығымызды танытып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды жөн көрдік», - дейді корей этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Ульяна Ким.


Достық Үйінің ұжымы бірлестіктің құрамындағы қарияларды құттықтап, азық-түлік жиынтықтарын табыстады, қалған ақ самайлы жандарға азық-түлік жиынтықтары мекенжайлары бойынша жеткізілетін болады. Игі іс-шара аясында 110 қарт адамға қолдау көрсетілді.

Кейін қарай