Қазақстан халқы Ассамблеясы

18 Ақпан, 2021

1196

Қостанайда бұрымды арулар байқауы жарияланды

8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан халқы Қостанай облыстық ассамблеясы «Бұрымды ару» байқауын ұйымдастырып отыр. Байқауға 16-30 жас аралығындағы бұрымы белден асатын арулар қатыса алады.


Байқауға қатысуға ниетті арулар бұрымы көрініп тұрған фотосурет жолдауы қажет. Ерекше үлгідегі сәнді өрімдер жасауға да болады. Шаш өсірудегі мақсатын да айта кеткені жөн. Фотосурет пен ақпаратты «Бұрымды ару» байқауына» деп белгілеп, domdryjby@mail.ru электрондық поштасына жолдауы тиіс.

Жеңімпазды http://kostdom.kz сайтының оқырмандары 6-7 наурыз аралығында дауыс беру арқылы анықтайды. Ең көп дауыс жинаған ару жеңімпаз атанады. Жеңімпаз бұрымды арудың есімі 8 наурыз күні белгілі болады. Байқау жеңімпазына ұлттық стильдегі фототүсірілім жасауға сертификат табысталады.

Кейін қарай