
29 Наурыз, 2023
94
Қостанайда дәстүрлі діни конфессиялар жетекшілерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
Қостанай облысында «Қоғамдық келісім» КММ бастамасымен өткен дөңгелек үстел бүгінгі таңда өзекті болған «Конфессияаралық келісім – ұлттық бірлік принциптерінің бірі» атты тақырыбы аясында ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ҚР АҚДМ «Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Н.Шубаев, Қазақстан мұсылман діни бірлестігінің (ҚМДБ) Қостанай облыстық филиалының өкілі Б.Уәлиев, Қазақстанның Қостанай Орыс Православие шіркеуінің діни қызметкері В.Клеба, «Қостанай облыстық еврей орталығы» ҚБ төрағасы В.Чашков сөз сөйледі.
«Қоғамдық келісім» РММ директорының орынбасары Н.Шубаев өз сөзінде тәуелсіз мемлекетіміздің саяси тұрақтылығы этносаралық келісімнің іргелі қағидатына негізделгенін, қазіргі қазақстандық ұрпаққа тарихи мұра ретінде қалдырылған рухани саладағы толеранттылық, болашақта азаматтық және конфессияаралық бейбітшілікті сақтаудың жақсы негізі екендігін атап өтті.
«Қазіргі уақытта Ассамблея өз жұмысында жалпыазаматтық мүдделерді қалыптастыру мен қорғаудың және қазақстандық қоғамды біріктірудің аса маңызды институтына айналды, сондай-ақ этностарды қазақстандық қоғамға интеграциялау, Қазақстан халқын біртұтас азаматтық ұлтқа айналдырудың басты институты ретінде дамытуға баса назар аударуда.
Жалпы, біздің еліміздегі этносаралық жағдайы тұрақты. Ассамблеяның этномәдени қоғамдық құрылымдары ынтымақ пен бірлікті сақтаудағы ортақ істе өзінің үлесін әрдайым қосуда», – деді Нұрлан Шубаев.
Сондай-ақ, Н.Шубаев сөзінің соңында 26-27 сәуірде Астана қаласында «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясы өтетінін айта кетті.
Кездесуге қатысқан Қазақстанның Қостанай Орыс Православие шіркеуінің дін қызметкері Виталий Клеба өз сөзінде қазіргі заманғы ақпараттық кеңістік және оның қоғамға әсері тақырыбын көтерді.
«Бүгінде біз әртүрлі ақпарат ағынында өмір сүріп жатырмыз. Олардың арасында жеке тұлғаның моральдық негіздерін жоюға бағытталған ақпарат бар. Ерлер мен әйелдер, жалпы отбасы ұғымдары мақсатты түрде бұлыңғыр. Осыған орай, барлық жазылған қасиетті жазбалардың, рухани-адамгершілік жүйені сақтаудың негіздерін көрсететін мәңгілік кітаптар екенін атап өткім келеді. Біздің мақсатымыз – күллі әлемге ауызбіршілікпен біздің мәдениетіміз бен этносаралық және конфессияаралық келісімнің негізінде жатқан принциптерді ұстанатындығымызды жеткізу», - деді Виталий Клеба.
Сондай-ақ жиын барысында этномәдени орталықтар мен ғылыми-сараптамалық топтың өкілдері де өзара пікір алмасты. Кездесуге келген оқушылар мен студенттер іс-шара тек қызықты ғана емес, сонымен қатар танымдық болып шыққанын тілге тиек етті.
Ұқсас жаңалықтар
-
«Түркістан – татулық тұғыры» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтті
-
Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумы өтті
-
Алматыда «Әйел - отбасының жылуы» атты кездесуі өтті
-
Маңғыстау облысында «Отан - отбасынан басталады» атты форум өтті
-
Халықаралық отбасы күніне орай облыстық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Елордада Триатлон парк аумағында Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай мерекелік жүгіріс өтті
25 Мамыр, 18:26
ҰЙҒЫР БІРЛЕСТІГІ 1 МАУСЫМ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІНІҢ ДЕКАДАСЫН БАСТАДЫ
23 Мамыр, 20:04
ҚХА Төрағасының орынбасары «ГолосОК» шығармашылық ұжымын мерейтойымен құттықтады
24 Мамыр, 19:29
«Наири» Қазақстан Республикасы армян мәдени орталықтарының қауымдастығы» ЗТБ төрағасы болып Наринэ Микаелян сайланды
26 Мамыр, 20:15
ҚХА активі Ассамблеяның XXXII сессиясында берілген тапсырмалардың негізгі бағыттарын қарастырды
вчера, 18:20
Петропавлда «Үйде сөйле» аула клубы ашылды
Ұқсас жаңалықтар
-
«Түркістан – татулық тұғыры» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХV сессиясы өтті
-
Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» республикалық ата-аналар форумы өтті
-
Алматыда «Әйел - отбасының жылуы» атты кездесуі өтті
-
Маңғыстау облысында «Отан - отбасынан басталады» атты форум өтті
-
Халықаралық отбасы күніне орай облыстық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті
-
Елордада Триатлон парк аумағында Қазақстан Халқының Бірлігі күніне орай мерекелік жүгіріс өтті