Қазақстан халқы Ассамблеясы

11 Наурыз, 2022

700

Қостанайда мектеп оқушылары медиация бойынша семинар-тренингке қатысты

Қостанайда мектеп оқушыларының қатысуымен медиация тақырыбында семинар-тренинг өтті. Оны ҚХА Медиация кеңесінің мүшесі, «Дуслык» татар-башқұрт қауымдастығының белсендісі Гульнар Латыпова ұйымдастырды.


Ол балаларды медиация негіздерімен таныстырып, көптеген өмірде кездесетін жайттардың шешу жолдарына байланысты тапсырмалар берді. Түрлі тәсілдерді қолдана отырып, әрбір жағдайдың шешімі қарастырылды.

- Мектеп өміріндегі әрбір күн қақтығыссыз өтпейді. Қақтығыстар әр түрлі болады: бірнеше минут қана созылған қарапайым ұрыс-керістерден бірнеше ай бойы созылатын буллингке дейін барады. Кейде дау-дамайды шешу үшін үшінші жақтың көмегінсіз болмайды. Сондай сәтте мектеп медиациясы көмекке келеді. Бұл сала аясында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының Медиация кеңесі үлкен жұмыс атқарады, сол үшін барлық мұғалімдер және ата-аналар қоғамының атынан оларға үлкен алғыс білдіреміз, - дейді №1 мектеп-лицейдің тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Руслан Мурзагалиев.

Семинар-тренингке қатысқан әр оқушыға мектеп медиациясы курсын тәмамдағаны туралы сертификаттар тапсырылды.

Кейін қарай